Мұхтар Шаханов. Рух пен тіл

Oinet.kz 02-09-2019 2037

Screenshot_6.jpg

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,

Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.

Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,

Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.

Қайырмасы: 

Ұлтсыздану заманында,

Тілің нарық табанында,

Көнбістік бар қадамыңда,

Рухыңды басып кетті қарын.

Тіліңді жоғалтсаң,

Діліңді жоғалтсаң 2 рет

Жоғалтасың ² бәрін.

Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,

Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.

Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,

Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.

Мұхтар Шаханов. Бақыт геометриясы
Мұхтар Шаханов. Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу