Мұзафар Әлімбаев: Мойындау

Oinet.kz 24-08-2020 766

Мұзафар Әлімбаев Alashainasy.kz

"Аз ата" деп сөкпегін,

ағайыным көп менің...

Күйбеңдемес күні үшін

күрескердің бәрі де -

жастары да, кәрі де -

бәрі менің туысым.

"Аз ата" деп сөкпегін,

Ағайыным көп менің!

Ауа баспас пұл

үшін

Адалдардың бәрі де -

жастары да, кәрі де -

бәрі менің туысым.

"Аз ата" деп сөкпегін,

Ағайыным көп менің!

Ғарыштың да қуысын,

тарихтың да тынысын

оймен шарлап, сыр түйген

ғалымдар да туысым...

"Аз ата" деп сөкпегін,

ағайыным көп менің...

Мұзафар Әлімбаев: Күн бата ма
Жамбыл Жабаев. Сұраншы батыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу