Мұзафар Әлімбаев: Телефонмен жұбатады

Oinet.kz 24-08-2020 772

Мұзафар Әлімбаев Alashainasy.kz

Біздің Әсем келе сала сабақтан,

Татпай тұрып столдағы тамақтан,

Телефонмен шақырады анасын,

Хабарлайды бүгінгі алған бағасын:

– Мама, бүгін екі бірдей «Бес» алдым,

Есіңде ме алдың күні неше алдым?!

– Бәрі есімде! Айналайын есімде,

Құтты болсын «төрттігің» де, «бесің» де.

Терген білім, көрген тәлім – аспандап,

Азамат боп өсуіңе баспалдақ!

… Телефонмен хабарлайды бағасын,

Әсем солай қуантады анасын.

Сонда анасы бір жасайды шалқиды…

Қанатсыз-ақ көк жүзінде қалқиды…

Әсем егер алып қалса пәс баға,

Оңашада қара көзден жас тамар…

Сол күні бір айрылғандай тілінен,

Телефон да тырс етпейді күнімен.

Онда айтпай-ақ іштен сезіп анасы,

Телефонмен жұбатады баласын…

Ақан сері Қорамсаұлы өмірбаяны
Мұзафар Әлімбаев: Естеліктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу