Тәрбие туралы шығарма. Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды
Тәрбие тал бесігің деп босқа айтылмаса керек. Тәрбие отбасы, ошақ қасынан басталады, баланың анасы мен әкесінен көрген тәрбиесі оның болашақ өмірінің іргетасы саналады. Ал одан кейінгі кезекте мектебі, сыныптастары, ұстаздары. Келесі тәрбие баланың ортасынан келсе, тек өмірінің белгілі бір кезеңінде оны тәрбиелейтін өзі болады.
Сондықтан да болар ең алғашқы іргетастың, баланың үйінде көрген тәрбиесінің жөні бөлек болады. Ата-анасының тек балаға деген ғана емес, отбасы мүшелерінің бірін-бірімен қарым-қатынастары да оның келешек өмірінің керегесіне айналасы. Бала көзі көрген, құлағы естіген тәрбиені алады. Сол себепті баланың кішкентай жасында оны отбасындағы болып тұратын, ұрыс-керістерден бойын алыс ұстаған жөн.
Тәрбиенің тағы бір маңызды кезеңі ортасының тәрбиесі. Бала қандай достар мен ортада болса, соған қарай бейімделеді, бұл жағдай әсіресе жас жеткіншектердің ауыспалы кезеңінде орын алады. Сол үшін осы сәтте баланың өміріндегі ата-ананың рөлі айрықша болады. Оның жаман жолға, зиянды әдеттерге кетіп қалмауына ата-анасы ықпал етіп, баласына қиын-қыстау кезеңдерде өздері демеу болуы қажет.