Шығарма. Менің мақсатым

Oinet.kz 25-12-2019 6606

Адам өмірге келеді, өседі, жетіледі, қартаяды, дүниеден өтеді. Және осы айтылған әр сатыда адам өзіне мақсат қояды.

Мақсат - адамды алға, шыңға жетелейтін ұлы күш. Тек арман бөлек, мақсат бөлек. Тек арманды мақсат тұтқанда ғана адам бойында ерекше талпыныс пайда болады. Ерекше ұмтылыс адамды мақсатына жетелейді. 

Podobny obraz

Мақсатты әр адам әрқалай қояды. Бірі мақсатына жетуді жөн көрсе, басқасы мақсатының өздігінен орындалғанын қалайды. Мақсат еш уақытта жалғыз болмайды. Ата-аналарымыз бізді кішкентайымыздан дұрыс мақсат қоюды, оған жете білуді үйретеді. Біздің мақсаттарымыздың орындалуына себепкер бола біледі. Себебі адам үшін ең алдымен оның арман-тілектерінің қабыл болып, мақсаттары орындалуы.

Мақсат - бақыттың бастауы. Тек мақсаты, мұратына жеткен адам шынайы бақытқа кенеледі. Мәселен адам жылдар бойы үй сатып алуды мақсат құрып, сол мақсатына жеткен сәтінде жаны тыныш тауып, өзі де береке табады. Сондықтан да мақсат қоя білу, оны орындай білу адам баласынан әжептеуір қажыр, еңбекті талап етеді.

Сыныптастар туралы шығарма. Сыныптастарым - бауырларым
Шығарма. Өмірлік мақсатым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу