Аузы дуалы. Сөзі уәлі

Oinet.kz 09-12-2019 2930

Бір хан түс көріпті. Аузында бір тісінен басқа тістерінің бәрі түсіп қалыпты. Қатты  шошып оянған хан екі уәзірін шақыртып, түсін жорытыпты. 

Хан: 

хан жарлығы.jpg

– "Түсімді көңіліме қарамай әділ жорыңдар, ұнаса сый-сияпат аласыңдар, ұнамаса  бастарыңды кесемін", – депті. 

Содан бірінші уәзір: 

–  "Түсіңіздің мәні былай хан ием, сіздің бар туғандарыңыз қырылып, жалғыз өзіңіз қаласыз" – депті. 

Сонда хан ашуланып: 

–  Бар туған-туысым қырылып қалса,  қалған өмір бос емес пе, не деп отырсың? – деп басын шаптырып тастапты.  Мұны көріп отырған екінші уәзір қорыққанынан дірілдеп, дұрыс жорыған уәзірдің басын шауып тастаған ханға, түсін қалай жорырын білмей: 

–   Хан ием, сіздің  өмір жасыңыз қалған  туыс-туғандарыңыздың бәрінен де ұзақ болады екен – деп жорыпты, сонда жаңа ғана қылышынан қан сорғалатып отырған ханның жүзіне күлкі үйіріліп: 

– "Сен  дұрыс  жорыдың,  сөз құдіреті деген бар" –  деп сый-сияпат жасапты дейді.  Байқасақ, екі жору да бір, аузы дуалы, сөзі уәлі деген осыдан қалса керек...

Бердібек Соқпақбаев. Жары Бәшеннің естелігінен
Ғабит Мүсіреповтің Раиса Мұхамедияроваға жазған хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу