Иесіз қыстақта түнде көрінген тұяқты әйел әке мен баланың зәресін алды

Oinet.kz 24-08-2022

Әкесі мен баласы малды өріске шығарып, ауылдан алыстап кеткендіктен айдаладағы иесіз қыстаққа қонамын деп қатерге душар болды. Бұл шешім олар үшін өмірбақи ұмытылмас оқиғаға айналды.

Screenshot_11.jpg

1996 жылы болған оқиғаны Экспресс К тілшісіне Думан Оспанов шошына еске ала отырып айтып берді.

"Ауылдан малды айдап жиырма шақырымдай ұзап кеттік. Ымырт үйіріліп, қас қарая бастады. Әкем екеуіміз иесіз қалған қыстақта қонуға бекіндік. Ауа райы да күрт өзгеріп, жауын жауғалы тұрған еді. Біз болсақ иесіз үйге қарай бет алдық.

Қараусыз қалған үйдің жайы белгілі ғой. Әркім келіп бірі есігін, екіншісі терезесін алып кеткен. Тек төрт қабырға мен төбесі ғана қалған екен. Үйге кірген ішкі жағдайы белгілі болды. Шайды да далада қайнатып ішуге тура келді.

Қатты шаршағандықдан бірден көзім ілініп кетіпті. Бірақ біреудің аяғымнан тепкенінен оянып кеттім. Көзімді ашсам әкем қасымда ұйықтап жатыр. Ал қасымда екі бала жүгіріп жүр. Сөйтіп қарап тұрғанымда олар бірін бірі қуалап, терезеден секіріп кетті.

Айдалада көзге түртсе көргісіз қараңғы түнде балалар қайдан жүр деген сауал санамда жылт етіп, маза бермеді. Әкемді оятып жағдайды айттым. Ол болса маған сенбестен, "көзіңе елестеген ғой" деп ары қарай ұйқыға бас қойды.

Алайда ұйықтай алмай сыртта не болып жатқанын көрмекке үйден шыққанымда түн қараңғысында айқайлап жатқан балаларды бір әйелдің ұрып жатқанын көрдім", — деді Думан Оспанов.

Әңгімешінің айтуынша, далада жағулы оттың үстінде қазан тұрған. Олар иесіз қыстаққа келген уақытта бұлардың бірі де болмаған еді.

"Мен балаға ара түспек болып ұмтыла бергенімде долы әйел маған айғайлай бастады. Көйлегінің етегі көтеріліп кеткенде байқағаным, оның қос аяғынның орнында тұяқ тұрды. Қатты қорыққанымнан үйге қарай зыта жөнелдім. Әкем де оянды. Оқиғаның қалай болғанын бүге-шігесіне дейін қалдырмай айтып жатырмын. Екеулеп сыртқа шыққанымызда далада ешкім болмады", — дейді Думан Оспанов.

Бұл бәлкім елес шығар. Думаның балалық шақтағы қиялынан туған әңгімесі дейтіндер бар. Алайда ол әлі күнге дейін бұл оқиғаның сырын ұға алар емес. Бәлкім өзіме аруақ көрінген болар деп те топшылайды.

Сіңлімнің ішіне жын кірген секілді...
Анасын буындырған бесіктегі бала...


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×