Әзілхан Нұршайықов өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 28-08-2019 2418

Screenshot_11.jpg

       Әзілхан Нұршайықов (1922-2011)

Әзілхан Нұршайықов (15 желтоқсан, 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылы - 12 ақпан, 2011 жылы Алматы) — жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Қазақстанның халық жазушысы (1990). А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1987). Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.[

Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.

1941 – 45 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды.

 Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949).

1953 – 79 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,

1953 – 56 жылдары — Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы,

1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді.

1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.[2]

Шығармашылығы:

Тоғыз толғау, А., 1977

Автопортрет, А., 1977

Шығ. жин. 2 т., А., 1992

Жамбылға хат: Әскери естеліктер, А., 1996

Қаламгер және оның достары, А., 2000

Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер, А., 2000

Махаббат қызық мол жылдар (орыс тілінде, 1980 – 82), А., 2002

Ақиқат пен аңыз, А., 2004

Махаббат жырлары (орыс тілінде, 1965 – 82), А., 2005

Мәңгілік махаббат жыры, А., 2005

Таңд. шығ. жин., 10 т., 2005.

 Аудармалары:

И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды.

 Мемлекеттік марапаттары:

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;

1943 жылы КСРОның «Ерлігі үшін» медалі;

1944 жылы КСРОның «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі;

1944 жылы КСРОның 3ші дәрежедегі «Даңқ» Ордені

1945 жылы КСРОның «Германияны жеңгені үшін» медалі;

1945 жылы КСРОның «Варшаваны азамт еткені үшін» медалі;

1956 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;

1984 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;

1985 жылы КСРОның 2ші дәрежедегі «Отан соғысы» Ордені;

   КСРО-ның Еңбек ардагері медалі;

1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Ленин туғанына 100жыл медалі;

1978 жылы «Ақиқат пен аңыз» романы үшін Абай атындағы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

1987 жылы А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты;

1990 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

1995 жылы тәуелсіз Қазақстанның «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2005 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталған.

2010 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен елбасының өзі марапаттады (Астана,Ақорда 2010 жылы).

2010 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті елбасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік және президенттік степендиясының иегері.

Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы

Жарма ауданының Құрметті азаматы.

Абай Құнанбайұлы. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Абай Құнанбайұлы. Абай өлеңдері/Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу