Шымкент: Экологиялық акция жалғасуда
Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның аясында #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қала тұрғындары мен іс-шараға қатысушылар «Қасірет» мемориалы мен Орталық саябақ аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар шөптерді ору, ағаштарды әктеу, қоқыстарды жинап-шығару жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, мәдениет саласының өкілдері, ардагерлер, белсенді қала жастары мен еріктілер қатысты.
Іс-шарада Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры – Асқарова Мария Келесқызы «Қасірет» мемориалындағы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, оның әрі жас ұрпаққа өнеге, әрі өткен ата-бабалардың рухына көрсетілген тағзым екендігін айтып өтті.
Жалпы іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты және 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай арнайы ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» акция әрі қарай қаладағы «Орталық саябақ» аумағында жалғасатын болады. Саябақ аумағы мен онда орналасқан «Алаш қайраткерлерінің» ескерткіштерінде тазалық жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы мегаполисте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қала мен аудан тұрғындары, ардагерлер мен жастар қатысты. Қатысушылар шөп өру, ағаштарды кесу, тазалау және қоқыстарды шығару жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, саябақта орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішінің аумағы тазаланды.
«31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай бүгін қаламыздағы «Қасірет мемориалы» мен Орталық саябақтағы «Алаш қайраткерлері» ескерткішінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл елі үшін құрбан болған арда азаматтарды еске алу мен оларға деген көрсетілген құрмет», - дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.
Аталған акция алдағы уақытта да жалғасын тауып, жыл соңына дейін ұйымдастырылатын болады.