Шымкент: Бағдарлама аясында берілетін пәтер саны көбейді
Биыл Мемлекет басшысы Үкімет пен өңір басшыларына әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайтын тұрғын үй және сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді тапсырғаны белгілі.
Биыл Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтердің құрылысы жүргізілуде, бүгінде аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Исламов мәлім етті.
Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 50 019 азамат тіркелген, оның ішінде:
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1907;
- көпбалалы отбасылар 14 063;
- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 625;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402;
- жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 22.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. 2274 пәтер кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген 2-10-20, 5-10-20 бағдарламалары бойынша жыл соңына дейін беру жоспарлануда. 2024 жылға өтпелі болған 244 пәтер несиелік негізде Отбасы банк арқылы азаматтарға қолданысқа табысталды.
Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы құны 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-дей отбасыны несиелендіру көзделуде. Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана алу мүмкіндігі қаралған.
024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталды. Бүгінгі таңға 218 азаматқа 199,9 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.
Оның ішінде:
- 1,2 - топ мүгедектігі бар азаматтар - 76;
- толық емес отбасылар -16;
- мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар - 49;
- бюджеттік мекеме қызметкерлері - 40;
- көпбалалы отбасылар - 30;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 7.
Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы 2537 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда.