Ханбибі Есенқарақызы-- 75 жаста

Oinet.kz 25-05-2024 618

11.jpg 

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Абай атындағы орталық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына арналған кездесу өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газеті хабарлады.

Жиынға «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Жазушылар одақтарының мүшесі, ақын Бөрібай Оразымбет, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сарманбай Исак, ақын Анар Жаппарқұлова, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас қаламгер» клубының жетекшісі, ақын Марғуба Мұхтарқызы, партия жанындағы «MIRAS» аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «КІТАП-AMANAT» партиялық жобасы аясында кітап көрмесі қойылған. Қатысушылардың барлығы Ханбибі Есенқызының жинақтарымен таныса алатын жағдай жасалынған. Әдебиет әлемінде ханның қызындай ерке, дара болған ақынға зиялы қауым өкілдері ғана емес қазақ халқы ықласын білдіріп батасын берген. «Жас қаламгер» клубнынан келген студенттер ақынға арнау айтса, енді бір тобы, Ханбибі Есенқарақызының жыр шумақтарын оқып, келген қонақтар кеш иесіне жылы лебіздерін білдірді. Сондай- ақ «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, шынайы ыстық ықыласын жеткізді.

- Сізді қазақтың көрнекті ақыны, қазақтың қайсар қызы ретінде ерекше құрметтейміз. Әдебиет әлемінде өзіндік орны бар мықты тұлғасыз. Сіздің өлеңдеріңізден отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігіңіз сезіліп тұрады. Бабаларымыздың асқақ рухы мен ұлағатты танымын бойына терең сіңірген азамат ретінде әрдайым парасат биігінен көрінуіңізге тілектеспін. Елдің болашағы үшін жасап жүрген қадамыңыз жемісті де, жеңісті болсын, - деді Жанар Әлібекқызы.

Шырайлы Шымқаланың ыстық ықыласына бөленген кеш иесі де руханиятқа толы әңгімелерін айтып, келген қонақтарға алғысын айтты.


Шымкентте үлкен мешіт пайдалануға берілді
Түлектерге арналған жәрмеңке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу