Шымкенттік түлек 40 университеттен шақырту алды

Oinet.kz 24-05-2024 585

8.jpg 

Шымкенттік түлектер шетелдік үздік оқу орындарынан шақырту алды.

АҚШ, Италия, Испания, Венгрия, Германия, Канада, Қытай, Оңтүстік Корея, Латвия, Литва, Сингапур, Малайзия және Англияның оқу орындары өз студенттерінің арасында түлектерді көргісі келеді. Түлектерге берілетін қаржылық гранттардың көлемі 12 миллион долларды құрайды, бұл 5 миллиард теңгеден астам.

Мәселен шымкенттік түлек әлемнің 40 үздік университетіне шақырту алды. 17 жастағы Сунатулла Октамов Малайзияда бизнес менеджмент мамандығы бойынша білім алмақшы. Шетелде білім алуды армандаған вундеркинд бала алған білімін туған елінің дамуына жұмсауды жоспарлап отыр.

Сунатулла Октамов, түлек:

«Мен Малайзияда бір жыл оқып, кейін басқа елге көшуді жоспарлап отырмын. Өйткені менің шақыруларымда Еуропадан шақыртулар бар. Бағдарламаның арқасында мен де Еуропада оқитын боламын. Шетелде білім алып, Қазақстанда бизнесті дамытқым келеді»

Динара Нұрдәулет ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтады. Әлемнің ең үздік 20 университеті өз студенттерінің арасында біздің жерлесімізді көргісі келеді. Қыз компьютерлік инженерияны қай жерде оқитынын таңдауы керек.

Динара Нұрдәулет, түлек:

«Мен әлемдегі ең үздік 20 университеттің қатарына кіретін Торонто университетіне түскім келеді. Мен Америкаға барғым келгендіктен осы университетті таңдадым. Менің АҚШ-тағы мамандығымның болашағы көп деп ойлаймын»

унатулла мен Динарамен бірге тағы 28 түлек шетелде білім алуға грант алды.

Әйгерім Асқарбекқызы, білім орталығының директоры:

«Біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу. Ұл-қыздарымыз шетелдерге шығып, бай тәжірибе жинақтап, Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосады деп сенеміз»

Шымкентте қазір дарынды балалармен жұмыс істейтін 6 мемлекеттік мектеп бар. Онда тегін оқу үшін емтихандарды сәтті тапсыру керек. 6 мыңнан астам бала жетістікке жетті.


«Жайлы мектептер» талапқа сай жабдықталуы тиіс
Шымкент: «Білімім отаныма» сынып сағаттары өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу