«Халық қатысатын бюджет»: Шымкентте ойын алаңшалары салынуда

Oinet.kz 24-05-2024 536

a9ea5376a6d4922e7156e821cff29334-460x260-1.jpg 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асуда. Оның мақсатында кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 жетіп отыр.

Бүгінде аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Сонымен қатар, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Аудан қаланың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.

Аудан тұрғындарының көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 118 көшені жарықтандыру жоспарланған. Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 114 бейнекамера орнату жоспарлануда. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады.

Бүгінде Әл-Фараби ауданы бойынша ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 316 көшесі асфальт болса, 74 көшесін тас жолды құрайды. Жалпы, 2024 жылдың қортындысымен асфальтталған 366 көшемен 94%-ға жету жоспарда.

Ауданның жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы 38 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасы тарапынан 31 көпқабатты үйлердің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстары, 22 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

 


Қайтарымсыз грантқа—оқу орталығы
«Жайлы мектептер» талапқа сай жабдықталуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу