«Таза Қазақстан»: Тұрандықтан акцияға белсенді қатысуда
Шымкент қаласының Тұран ауданының тұрғындары "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын қолдап, қала аумағын жинау және абаттандыру бойынша жалпы қалалық іс-шараға қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта "Таза өлке" деп аталады - апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды.
Аудан тұрғындары мен белсенді жастар Бадам өзенінің жағасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Таштракт көшесінде қоқыстарды жинау, шөптерді жинау және қоқыс жәшіктерін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Іс – шараға Мемлекет және қоғам қайраткері - О.Рахманбердиев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – А. Юсупова, аудандық Жастар ресурстық бөлімінің басшысы-А. Шынтореева, белсенді жастар және басқа да қала тұрғындары қатысты.
Акцияға Шымкент тұрғындарымен бірге ассамблея мүшелері де ерекше қолдау көрсетті. Акция аясында "Қазақстан - Түркия достығы" саябағында өткен іс-шараға қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ассамблея мүшелері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинау, көгалдандыру, ағаштарды күту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Акцияға қатысушылар саябақтағы қоқыстарды тазалап, шөп ору, ағаштарды әктеу, кесу жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, шағын аудандардың аулаларын, қоқыс жәшіктерін тазалау, орындықтарды, балалар алаңдары мен спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына 1200-дан астам адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды, барлық аяқ жолдар тазаланып, 56 м3 қоқыс шығарылды,14 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.
Іс-шараға армян этно-бірлестігінің өкілі Н. Мавсосиян, белсенді жас А. Сұлтан және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Д.Қожамжарова және басқа да қала тұрғындары қатысты.