«Қарызсыз қоғам»: Жоба аясында 2 мың шымкенттік білім алды

Oinet.kz 05-04-2024 449

13.jpg 

«Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды Мемлекет басшысы қолдап, оның ауқымын жалпыхалықтық деңгейге шығаруды тапсырған болатын. Сондай-ақ, Президент «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында да «Қарызсыз қоғам» жобасының қоғам алдындағы тиімділігі жоғары екенін ерекше атап өтті.

Айта кету керек, «Қарызсыз қоғам» жобасы халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар нақты қолдау көрсетеді. Сонымен бірге бұл Жоба қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеді. Осыған орай әрбір Қазақстанның азаматын өз қаражатын тиімді әрі нақты мақсатта пайдалану, алған несиесін жүйемен пайдалануға бағыт беру аясында осы жоба іске асып отыр.

Аталған жоба биыл да жалғасын тауып, ақпан айының 5 жұлдызынан бастап Шымкент қаласы тұрғындарына қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша оқу ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда жоба аясында 65 мыңнан астам азамат арнайы дәрістен өтті. Ал арнайы іріктеуден өткен 5 қаржы сарапшылары оқытуда. Олардың негізгі мақсаты қарапайым халыққа отбасы бюджетін жоспарлауды, несиелердің тиімді шарттарын үйретуді мақсат тұтқан.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялыр қызметінің хабарлауынша, бүгінде 2 мыңға жуық тұрғын бұл жоба бойынша оқып, арнайы сертификаттарға иеленді. Оқыту курсы жыл соңына дейін жалғасатын болады. Яғни кез келген қала тұрғыны «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тегін оқу курсынан өтуге мүмкіндігі бар. Оқу ұзақтығы 5 күн.

Бұл жоба Шымкентте де іске асуда. Айта кететін жайт, Үшінші мегаполис бойынша жыл соңына дейін 11 мыңға жуық азаматты оқудан өткізіп, қаржылық сауаттылығын арттыру жоспарлануда.


Құрылтайда көтерілген мәселелер қоғам үшін өзекті
Экономиканы дамыту үшін бәсекелестік қабілетті пайдалану керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу