Шымкент: Олимпиадаға 5 жолдама бар

Oinet.kz 11-04-2024 527

10.jpg 

Қазақстан  Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі Елсияр Қанағатов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.  

Жұмыс сапары аясында биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан қатысатын спортшылардың дайындығын пысықтап, бірқатар мәселелерді талқылау үшін жауапты өкілдермен кездесу өткізді.

Дайындық штабының өкілдері алдымен қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекпен кездесті. Сонымен қатар, спорт мектебінің басшылары, жаттықтырушылар және спортшылармен жүздесіп, ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады.

— Ұлттық Олимпиада комитеті, Туризм және спорт министрлігі, федерациялар, жергілікті әкімдіктердің жұмысын бірлесе ұйымдастыруда дайындық штабы құрылған болатын. Біз үйлестіру жұмыстарымен айналысамыз. Өңірлердегі Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық мәселелерін зерделеп, қандай қолдау, көмек керек екенін білуіміз қажет. Ұлттық құрама командалардың жаттығу жиындарын пысықтап, спортшылар, жаттықтырушылармен кездесуді жоспарлап отырмыз. Шымкент қаласы жолдама саны жөнінен алда келе жатқан өңірлердің бірі. Қазіргі таңда лицензия алған спортшылар алаңсыз, жоспар бойынша дайындалып жатыр. Қатысқан жарыстарға сараптама жасаймыз. Қазіргі уақытта спорттық медицинаға көңіл бөлу керек, - деді Елсияр Баймұхамедұлы.

Қазіргі таңда қала спортшылары Жазғы Олимпиада ойындарына 5 жолдама жеңіп алды. Алда жерлестеріміз бірқатар іріктеу сайыстарына қатысады.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Жоспар белгіленіп, бағыт-бағдар айқындалған. Алда жолдамалар санын арттыруда нақты жоспарлар түзілген. Жолдама алған және үміткер спортшыларға барлық жағдай жасалып отыр.


Шымкент: Батысқа көмек жолға шықты
Шымкент: Халықты көкөніспен қамту мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу