Шымкенттен Ақтөбеге көмек жөнелтіледі
«Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.
Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес»,--деді су тасқынына байланысты арнаған Үндеуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елімізде су тасқынына байланысты, біраз жерлерді су басуына байланысты сол аймақтағы халық зардап шегуде. Осыған орай еліміздің барлық аймағынан гуманитарлық көмек жіберілуде.
Осындай қиын кезде шымкенттіктер де қол ұшын созуға дайын екендіктерін көрсетуде. Еріктілер су басқан аумақтарда жұмыс күшін толықтырса, қалада бүгін Ақтөбе облысына кезекті гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Себебі, қиналғанға қол ұшын созу, жабырқағанға жәрдем беру - ізгі амалдар қатарында екен ақиқат.
Елдегі қиын жағдайдан хабардар болып отырған шымкенттіктер азаматтықтың биік үлгісін көрсетіп, бей-жай қарай алмай, білім беру мекемелері, кәсіпкерлер, қарапайым қала тұрғындары азық-түлік, киім-кешек, тағы басқа материалдық көмектерін Жастар ресурстық орталығы ғимаратында әкеп тапсыруда. Орталықтағы жастар қазір көпшіліктің әкелген заттарын жинақтап, орап, түйіп жолға дайындап жатыр.
Сондай-ақ, ардагерлер де қарап қалмай, қолдан келген көмектерін көрсетуде.
Көмек керуенін ұйымдастырушылардың айтуынша, көктем дегенмен күннің ызғары қайтпағандықтан зардап шеккен жерлерде көбіне жылы жамылғылар, көрпеше, жастықтар, балаларға жылы киімдер жетпей жатқан көрінеді.
Құрметті шымкенттіктер! Егер көмекке зәру жандарға қажетті бар заттарыңызды Шымкент қаласы, Түркістан 1 мекенжайында орналасқан Жастар ресурстық орталығына жеткізіп берсеңіздер болады.