Ас, тағам туралы мақал-мәтелдер
Қарны ашқан қазанға қарар.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Мешкей деген жақсы атақ емес.
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
Ет дегенде бет бар ма?
Өле жегенше, бөле же.
Асы бар аяқтан аттама.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Сыйлап берсе, суын іш.
Ас – адамның арқауы.
Ас адамның — арқауы.
Нан— тамақтыңатасы
Ынтымақ — көптің батасы.
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды.
Қайғысыз, қара суға семіреді.
Сіңбес астың бөгеуі жаман.
Қарын тойса,
Қарта әлем сасиды.
Ет — етке, сорпа — бетке.
Аш тамағым, тыныш құлағым.
Асқа талау түссе,
Антұрғанның мұратын береді.
Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінеді.
Тас қадақ болғанмен
Тамақ болмайды.
Сұрап бергенше,
Соғып бер.
Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін тастама.
Жетерін білсең, жей тұр.
Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып, құлдық.
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да, жұртқа болмас.
Ас ішсең, атауыңдай іш,
Ауырсаң мұрттай ұш.
Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста, қасық жоқ.
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.
Бақыр қазан қайнаса,
Баршамызға несібе.
Мың «сіз, бізден»
Бір шыж-быж.
Ашаршылықта жеген құйқаның
Аузыңнан дәмі кетпес.
Қамыстың
Шоғы болмас,
Көк судың
Тоғы болмас.
Күн жазға айналды,
Ет азға айналды.
Пышағы бар, сүйгенін жер,
Пышағы жоқ, тигенін жер,
Балық жеген бағыспас,
Жан-жағына қағыспас.
Қомағайдың сазасы
Бір шұқым ет.
Ат үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.
Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.
Өзіне қарай, қосағы,
Қазанына қарай, ошағы.
Ашта жеген құйқаңды
Тоқта ұмытпа.
Жақсы ас қалғанша
Жаман қарын жарылсын.
Жер асыңнан
Жемес асың көп болсын.
Көмбенің иесі екеу:
Бірі — көрген,
Бірі — көмген.
Асты иә қуыс ішер,
Иә туыс ішер.
Қарны ашқан
Қараша үйге қабады.
Түскі асқа
Түстік жерден қонақ келеді;
Кешкі асқа
Күндік жерден қонақ келеді.
Бір ауылда бір үй аш болса,
Бар үй аш болады.
Тойған үйге тоғыз бар.
Аты бардың тынысы бар.
Асы бардың ырысы бар.
Беретін кісі келгенде,
Бес қайнайды қазаным;
Бермейтін кісі келгенде,
Көп қайнайды қазаным.
Аспаздың қарыны
Асқанына тояды.
Тоқшылықта жеген
Тоқпан жілік,
Ашаршылықта
Көзіңнен бір-бір ұшады.
Жаяудың сыбағасын
Атты жемес.
Ас — аз, ниет — көп
Отын — олжа,
Су — қорлық.
Өзі тоймағанның,
Сарқытын жеме.
Досыңның асын,
Қасыңдай іш.
Өзің жатық болсаң,
Ішкенің қатық болар;
Өзің қиық болсаң,
Ішкенің сұйық болар.
Етке тойсам,
Сорпаға иттігім жоқ.
Жұтқан — жұтамас.
Тойсаң — тоба ғыл.
Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар?!
Піскен асқа — тік қасық.
Бір аштықтың, бір тоқтығы бар.
Жазым болса, быламыңқа тіс сынар.
Жейтін ауызды
Жемес ауыз байлайды.
Ашыққанға қазан астырма,
Тоңғанға от жақтырма.
Қыдырып ішкен көженің
Кенеуі жоқ.
Қыдырып айтқан биліктің
Керегі жоқ.
Тар қазан — тасқалақ,
Мешкей адам — ашқарақ.
Тоймай ішкен асың құрсын,
Қорлықпен жасаған жасың құрсын.
Айға жетпес асыңды
Ауылдастан аяма!
Жұтаған шүкірге тоймайды.
Аштық ас талғатпайды,
Ашықтық жас талғатпайды.
Тас,
Тасты жібітетін ас.
Аш ауыл
Айранды бұрын ішеді.
Қазаны басқаның
Қайғысы басқа.
Сиырыңды сырттатпай:
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
Қыдырып жеген жанбастан,
Шақырулы жеген жауырын артық
Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос босады.
Жылқының етін жесең,
Тісіңе кіреді,
Жемесең түсіңе кіреді.
Үркер туса сорпа да ас.
Сүйген құда,
Сүрінен сақтар.
Асы жоқ алтын аяқтан
Айраны бар, тостақ артық.
Талдырмаш таза айғырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Салулы ауыз
Сақтағаныңды жейді.
Қарның ашса, қазан ас,
Ет болмаса, сазан ас,
Сазан тамақ емес пе,
Сазанды жұрт жемес пе!?
Жайын құйрығын жеген — жатпас.
Асы бар аяқ әдемі.
Сүйекті алып берген
Кісімнен көрейін бе?
Оны мүжи алмаған
Тісімнен көрейін бе?
Көженің көнеуі болса,
Қымыздың қызуы бар.
Тапқаным — тамағыма,
Жұтқаным — жұмырыма.
Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.
Қазан сапырғанның да буы бар.
Еңкейген екі асайды,
Еңсесі кеткен бір асайды.
Мешкей қазанның астына қарамай,
Үстіне қарайды.
Арықтың сорпасында
Дәм болмайды,
ақылсыздың сөзінде,
дәм болмайды.