Денсаулық, спорт жайлы мақал - мәтелдер

Oinet.kz 30-06-2019 26174

Screenshot_2.jpg


1. Денсаулық – зор байлық.

2. Айналдырған ауру алмай қоймас.

3. Ауру атанды да шөктірер.

4. Жарлының байлығы – денінің саулығы.

5. Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.

6. Тәні саудың жаны сау.

7. Әуелгі байлық — денсаулық 

8. Екінші байлық — он саулық,

9. Үшінші байлық — ақжаулық.

10. Шынықсаң шымыр боласың.

11. Дені саудың – жаны сау.

12. Спорт – бейбітшілік елшісі.

13. Белдессең – бекем бол.

14. Мықтылық мұратсыз келмейді.

15. Күш атасын танымас.

16. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

17. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.

18. Жүйрікте сын жоқ..

19. Жүйрік болсаң, шауыпкөр

20. Шын ер жеңсе, тасымас,

Жеңілсе, жасымас.


Кішкентай Маса(ертегі)
Бақа қайда барады? (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу