Ашық сабақ. Қымыз – ауруға ем, сауға қуат

Oinet.kz 26-01-2020 1597

Шығыс Қазақстан облысы
Кіндікті ауылы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ

Жоба авторы: Қайыртаева Еркежан
Жетекшісі: Шаяхметова Анар Әменқызы
Тақырыбы:
«Қымыз – ауруға ем, сауға қуат»
Секциясы: химия


2014 – 2015 оқу жыл


Мазмұны
I. Кіріспе
1. Қымыз –сусын 3-4
II. Негізгі бөлім.
2. 1 Тарихқа көз жүгіртсек....
2. 2. Қымыздың маңыздылығы оның дайындау процестері
2.3 Қымыздың химиялық құрамы.
III. Қорытынды.
3.1 Мектеп оқушыларының қымызды пайдалануы (әлеуметтік сауалнама).
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі
Аннотация
1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты:
Сусын ретінде қымыздың тағамдық қор қатарында алатын орнын, құрамдас бөліктерін анықтау әдісін үйрене отырып, түрлерін, құрамы мен қасиеттері бойынша салыстыру, эксперимент жасау, адам ағзасына тигізетін әсерін білу.
Болжам: Қымыздың құрамын, қасиеттерін зертеу арқылы мектеп эксперименттерін жетілдіруге ықпал ететін және әлеуметтік мәселелер қарастырылды.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең- Экспериментті жобалау;
3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең- Эксперимент жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.
Зерттеу әдісі: Зерттеуде жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау, химия лабораториясында құрамындағы заттарға сапалық реакция жасау әдістері басшылыққа алынды.
5.Зерттеу жаңалығы мен зерттеу дәрежесі:
6.Зерттеу нәтижесі:
Сусын туралы пайдалы қажетті тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, адам организміне пайдалы әсерлеріне зерттеу жүргізілді.
Қорытынды:
Дүниежүзі халықтарының тарихында және күнделікті өмірде ерекше орын алатын қымыз, қымыз ішу, сусынды әзірлеу әдістері және соған байлынысты рәсімдерді зерттей келе адам организміне әсерін байыптау.
3
Кіріспе
Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз іріп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады. Қымыз ашытылатын ыдыстың ішіне қойдың сүр құйрығын не болмаса жылқының сүр қазысы мен семіз жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтқымданып, қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісілген қымызды жылылап қымтап қойып, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні ең кемі аптасына бір рет әбден жуып, кептіру, ең кемі бір рет ыстап отыру қажет. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан «ескі» дәм шығып тұрады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғаса береді. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбіне жетерлік мөлшерде қор қалуға тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ен бастылары төмендегілер:
Уыз қымыз – биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз. Мұны бие бау деп те айтады.
Бал қымыз- әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады.
Бесті қымыз –төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.
Дөнен қымыз- үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.
Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.
Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады. 4
Қысырақ қымыз – бірінші рет құлынданған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлде қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте «Ту қымыз» деп айтады.
Қысырдың қымызы- бие ағытылып кеткен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыста қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды «қысырдың қымызы» дейді.
Сары қымыз –шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.
Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.
Түнеме қымыз- ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан кейін) қотарылған қымыз.
Қорықтық (тасқорықтық) – тек қана қой - ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш тостаққа не сапты-аяққа сауып қой сүтіне отқа әбден қыздырылған малта тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі сүт 2-3 минутта қайнап, піседі.
Қымыздың дәмін келтіріп және күшейту үшін қосылатын заттар:
* Кепкен сүр қазы * Қойдың еті
* Қойдың құйрығы * Қалампыр
* Күшала
* Көк қылша * Жылқының тобығы
* Қант * Бал
* Мейіз * Кептірілген өрік
* Құйма күміс (жамбы)
Қымыздың ашытқысы:
* Ұйытқы * Қор
* Қораба * Ерім
* Тұз сіңген жылқының жаясы * Ашыған нан
* Ашыған бидай көже * Жылқының жақ сүйегі
* Жылқының ортан жілігінің басы (пісірілген) 5
Сабаны ыстайтын заттар:
* Тобылғы
* Қайыңның қабығы

Ашық сабақ. Оқушыларға тақпақтар
Ғылыми жоба. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу