Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді. 2) қимыл-әрекеттің әртүрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы орындап болды. Орындап болды – күрделі етістік; орындап – негізгі іс-әрекет; болды – көмекші мәндегі етістік. Әңгімені құмарта тыңдады. Құмарта – қалай? Іс-әрекеттің амал-тәсілін білдіріп тұр.
Көсемше үш түрлі жолмен жасалады:
1) -а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. Мысалы, Боран соғады, мал төлдейді, ит үреді;
2) -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Мысалы, Сыпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады. Көсемшелер: сызып, үзіп айтады.
3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары келер шақ көсемше жасайды. Мысалы, айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.
Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды, яғни көсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Тек -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі, ал -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.
Көсемшенің жіктелу үлгісі:
I II
III |
айт-а-мын, -мыз айт-а-сың, -айт-а-сыңдар айт-а-сыз, айт-а-сыздар айт-а-ды |
бере-мін, -міз бер-е-сің, бер-е-сіңдер бер-е-сіз, бер-е-сіздер бер-е-ді |
айт-ып-пын, -пыз айт-ып-сың, айт-ып-сыңдар айт-ып-сыз, айт-ып-сыздар айт-ып-ты |
бер-іп-пін, бер-іп-піз бер-іп-сің, бер-іп-сіңдер бер-іп-сіз бер-іп-сіздер бер-іп-ті |
КӨСЕМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
1. Күрделі етістіктің құрамында жіктеліп келген жағдайда көсемше баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Біз ақырын әңгімелесіп келеміз (не істеп келеміз?)
2. Іс-әрекеттің амалын, мақсатын, т.б. білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Қасқырлар жылқыға топтанып (қалай?) келіп шапты.
ЕСІМШЕ
Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше түрі.
Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін: Айтылған (қандай?) сөз – атылған (қандай?) оқ; кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмес. Ақылды байқап сөйлер. (қайтер?)
ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Есімше төрт түрлі жолмен жасалады:
1) -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады;
2) -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады;
3) -мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек жұрнақтары мақсатты келер шақ есімше жасайды;
4) -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары ауыспалы өткен шақ жасайды.
Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады.
Есімшенің тәуелдену үлгісі
Оңаша
|
I II
III |
айт-қан-ым айт-қан-ың айт-қан-ыңыз айт-қан-ы |
бер-ер-ім бер-ер-ің бер-ер-іңіз бер-ер-і |
кел-етін-ім кел-етін-ің кел-етін-і кел-етін-і |
бар-ма-с-ым бар-ма-с-ың бар-ма-с-ы бар-ма-с-ы |
Ортақ
|
I II
III |
айт-қан-ымыз айт-қан-(дар)ың айт-қан-(дар)ыңыз
айт-қан-(дар)ы |
бер-ер-іміз бер-ер-(лер)ің бер-ер-(лер)іңіз бер-ер-(лер)і |
кел-етін-іміз кел-етін-(дер)ің кел-етін-(дер)іңіз кел-етін-(дер)і |
бар-ма-с-ымыз бар-ма-с-(тар)ың бар-ма-с(тар)ыңыз
бар-ма-с-(тар)ы |
Есімшенің септелу үлгісі
А.с. І.с Б.с Т.с Ж.с Ш.с К.с |
айт-қан айт-қан-ның айт-қан-ға айт-қан-ды айт-қан-да айт-қан-нан айт-қан-мен |
бер-ер бер-ер-дің бер-ер-ге бер-ер-ді бер-ер-де бер-ер-ден (септелмейді) |
кел-етін кел-етін-нің кел-етін-ге кел-етін-ді кел-етін-де кел-етін-нен кел-етін-мен |
бар-ма-с бар-ма-с-тың бар-ма-с-қа бар-ма-с-ты бар-ма-с-та бар-ма-с-тан (септелмейді) |
Есімшенің жіктелу үлгісі
I
II
III |
ат-қан-мын ат-қан-быз айт-қан-сың айт-қан-сыңдар айт-қан-сыз айт-қан-сыздар айт-қан |
бер-ер-мін бер-ер-міз бер-ер-сің бер-ер-сіңдер бер-ер-сіз бер-ер-сіздер бер-ер |
кел-етін-мін кел-етін-біз кел-етін-сің кел-етін-сіңдер кел-етін-сіз кел-етін-сіздер кел-етін |
бар-ма-с-пын бар-ма-с-пыз бар-ма-с-сың бар-ма-с-сыңдар бар-ма-с-сыз бар-ма-с-сыздар бар-ма-с |