Ашық сабақ. Тарих. Сақтардың мәдениеті

Oinet.kz 14-01-2020 899

Қазақстан тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақ мәдениетінің мұраларымен таныса отырып, сақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттен алатын орнын, қазақ мәдениетінің дамуындағы ықпалын ашып көрсету.
Дамытушылық: сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, өз ойларын айтуға, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, өз халқын сүйіп, мәдени мұраларды құрметтеуге және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан оқыту технологиясы, тірек сызбалар.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы, ҚР Конституциясы, бейне көрініс, слайд.
Пән аралық байланыс: география, философия.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. Сақтардың мәдени мұралары.
2. Бесшатыр қорымы.
3. Есік қорымы. «Алтын киімді адам»
4. «Аң стилі»

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
1. Қызығушылығын ояту (электронды оқулықтан сақтардың орналасуы, ескерткіштері «Алтын адам», аң стиліндегі бұйымдар т. б.)
2. Мағынаны тану (мәтінмен, дерекпен жұмыс)

І топ
Тапсырма:
1. Сақтардың ескерткіштері қай жерлерден табылды, ата?
2. Шірік – Рабат, Бәбіш – Молда тұрғындары қандай кәсіппен айналысты?
3. «Цитадел» ұғымы? (топ картамен жұмыс жасады)
ІІ. Топ
Тапсырма:
1. Бесшатыр қорымы қай жерден кездесті?
2. «Патша» қорғандары деп неге атадық?
3. Обаның құрылымы? (топ тірек – сызбалар арқылы обаның құрылысын көрсетті)

ІІІ. Топ
Тапсырма:
1. Есік қорғаны қай жерден кездесті, оба саны?
2. Есік обасын зерттеген ғалым кім?
3. Есік обасынан кездескен алтынның ұзын саны қаншаға жетті? (топқа сұрақ - жауап қойылды)

3. Суреттер сыр шертеді...
(3 - топқа үш түрлі сурет таратылды)
I - топ:
«Көне» кезеңі
II - топ
«Гүлдену» кезеңі
III - топ
«Құлдырау» кезеңі
(суретке қарап ойлануға оқушыларға уақыт берілді, не көріп тұрғанын өздерінше жеткізді. Мұғалім түйінін шығарды. «көне кезеңі»- жануар қаз қалпында бейнеленген, «гүлдену кезеңі»- жануарымыз қимыл қозғалыста болған, «құлдырау кезеңі»- жануардың басы бейнеленіп, денесі мен аяғы түсініксіз бейнеде жеткен.)
Мұғалім сөзі:
«Аң стилі» кезеңі: көне, гүлдену, құлдырау.
- «Аң стилі» ұғымы: аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу өнері.
- Б. з. б. VIII ғасырда пайда болды.
- «Аң стилі» Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.
- «Аң стилі» өнерін қару – жараққа, әшекей бұйымдарға, киім – кешекке салған.

Атырау қаласы
№36 орта мектеп
Өткізген: Искакова С. Ә.

Ашық сабақ. Тарих. Хрущев билік еткен жылдар
Ашық сабақ. Тарих. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс. Өмрбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу