Филология. Реферат. Алдар Көсе жайлы зерттеулер

Oinet.kz 09-09-2020 2267

Бұл мақалада қазақ халық әдебиетіндегі белгілі мифтік кейіпкері Алдар көсе бейнесі жайында сөз қозғалады. Алдар Көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні зор екендігі бәрімізге белгілі. Алдар Көсе өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді.


Мақалада Алдар көсе туралы қазақ ғылымында жасалған фундаменталды зерттеулерге сүйене отырып, автор өзінің көзқарасын нақты айтып өткен. Сонымен қатар автор өзбек, түрік, түрікмен ғалымдарының Алдар Көсе бейнесіне қатысты көзқарастарына шолу жасаған. Алдар көсе туралы кейбір аңыз-әңгімелерге тоқталып, әдеби көркемдігі мен мазмұны туралы талдау жүргізген. Алдар көсе бейнесінің тарихтағы орны, ұлттық кейіпкердің ұрпаққа рухани нәр берер тұлға ретінде қарастырылатыны атап көрсетілген. Алдар көсе бейнесі қазақ тарихында түркілік дәуірлерден бері қарай созылып жатқан аңыздың кейіпкері ретінде, нақты өмірде болған адам немесе жиынтық бейне етіп қарастырылады.


Алдар–ең көне, ертеден келе жатқан образ. Бұл жайлы Е.Тұрсынов: “... путь формирования образа Алдар Косе как героя бытовой сказки куда более долог и сложен: истоки его коренятся в дуалистическом мифе и первобытном бытовом рассказе, свой вклад в создание этого образа внесли также смежные фольклорные жанры”, дейді [1, 153].


Ғалымның пікірінше, Алдар көсе алдымен қазақ жерінде, қазақтар арасында пайда болып, сонан соң басқа түркі тілдес халықтарға ауысқан: “Подобные циклы имеются и у туркмен и киргизов, хотя по объему циклы сказок об Алдаре у этих народов далеко уступают казахскому циклу. У туркмен, например, Алдар косе уступает место Насреддину... У киргизов же с именем Алдара связано всего несколько сюжетов. У других тюрок (татар, турок, азербайджан, крымских татар, ногайцев, кумыков) такого цикла нет вообще. У турок, крымских татар и азербайджан герой фигурирует просто как Косе, без прибавления к этому имени второго-Алдар. У сибирских тюрок и монгольских народов героя Алдара или Косе нет вообще. Следовательно, тип сказочного персонажа Алдар косе и цикл сказок и анекдотов, связанных с его именем, сложились вначале у казахов, а уже потом этот герой в составе ряда сюжетов перекочевал к туркменам, киргизам и татарам (у последних имя Алдар тоже изредка встречается в бытовых сказках). К такому выводу на основе других данных пришел в свое время А.Маргулан” [1, 159].


Расында да, Е.Тұрсыновтың айтып отырғанындай, ғалым Ә.Марғұлан Алдар көсе бейнесінің қазақ даласында жақсы сақталғандығын айтып кеткен болатын.


“... Отсюда ясно, что многие легенды и сказания, возникшие в период гузов и кипчаков, органически вошли в казахский эпос, вместе с племенами, вошедшие в казахский союз. Кроме того, этот факт дает нам основание заключить, что героический эпос, легенды и предания, относящиеся к периоду гузов и кипчаков, в основном складывались на территорий Казахстана и в тот период, когда они кочевали между степями Центрального Казахстана и СырДарьей (VII-IX). И не случайно, что такие легендарные образы, как “Коркуд” и “Алпамыш”, “Алдар-Косе” ярче всего сохранились в степях Казахстана” [2, 80].


Ә.Марғұланның Алдар көсе жайындағы әңгімелердің шыққан тегі қазақ топырағы деген пікірінің өте дәлелді айтылғанын мойындамасқа болмайды.


Белгілі ғалым Б.Адамбаевтың пікірі де жоғарыда айтылған пікірді құптайтындай: “...Алдар көсе негізінде қазаққа тән кейіпкер” [3, 108].


Алдар көсенің ертеден бері келе жатқан кейіпкер екенін М.Әуезов та айтады:“Алдар көсе жайындағы қазақ айтатын әңгімелеркөпке мәлім, көп қызықтаған, алыс заманнан келе жатқан әңгімелер. Ол жайындағы әңгімелер жалғыз қазақ елінде ғана емес, сыбайлас, туыстас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен елдерінде де бар. Онда да Алдар бір пішінді күлдіргі алдағыш, мазақшы болып көрінеді...”[4, 32-33].


Өзбек әдебиетінде “Бой билен куса” (Бай мен көсе) атты ертегі сюжеті түрікмендерде “Дехкон билан куса” (Диқан мен көсе), ирандарда “Ëлғончи” (Өтірікші) аттарымен мәлім. Бұлардың ішінде иран сюжеті өзінің қойылған дәуірі, орны, образдары жағынан ерекшеленеді. Кейіпкер, иран ертегілерінде бірде “Куса” (Көсе) [5, 198], бірде “Айëр” (Аяр) [5, 194] аттарымен ортаға шығады, алайда екі лақап бірге қолданылмайды. Әрқайсысының өзі әр түрлі жағдай мен мазмұнды білдіреді; кейде диуана түрінде әңгімеленгенде мейірімді ұлы данышпан, мінсіз қаһарман сипатында берілсе; кейде залым, сехргар жағымсыз образ түрінде әрекет қылады. Сол себепті қаһарман “Алдар куса” емес, “Ëлғончи” немесе“Куса” деп жүргізіледі.


Көріп тұрғандай, Шығыс ертегілеріне ортақ болған кейіпкеріміз жалпыға бірдей көркем образ сипатында айтылып, оның шынайы аты ауызға алынбайды. Көсе болса, оның сипатының белгісін лақап атын білдіреді.


Зерттеуші ғалымдар, Алдар көсенің тарихта болған кейіпкер еместігін алға тартады. Оның аты өзбек, қырғыз, қарақалпақ, моңғол, татар, дағыстан ертегілерінде мол сақталған. “Алдар билен юблар” (Алдар мен Юблар) дейтін аңыздар ерте замандардан бері бар. Бұлардың барлығында Алдар көсе халық өкілі ретінде белсене араласып жүреді. Алдар көсенің аты көбінесе ертегілерде көрінеді. Оның тарихи-этногенездік белгісінен гөрі анекдоттық, күлдіргі сипаты басым. Көсе хандар дүниесін, феодализмді қатты сынайды. Бұл белгі оны Қорқыт пен Асан бейнелеріне жақындатады. Мұның өзі осы Алдар жайындағы күлдіргі әңгімелердің анық фольклорға жататынын, сол үшін ел аузында сақталып, бүгінге дейін жеткенін көрсетеді.


Алдар көсенің өз туысы, өмірбаяны туралы ешбір дерек жоқ. Өйткені, Қазан төңкерісіне дейінгі тапқа бөлінген, рушылдық, феодалдық қоғамды алсақ, соның қай дәуірі, қай кезі болсын, барлығына да Алдар көсе әңгімелері, оқиға тақырыптары қона кетеді. Алдар көсе әңгімелерінің шындығын сол заманның қайсысынан да болса табуға болады.


Алайда осы күнге дейін кейбір ғалымдар Алдар көсе туралы деректерді аңыз-әңгімелерден табуға тырысқан. Мәселен, қазақ ауыз әдебиетінде Алдардың ата-анадан туылуы жайлы аңыз-әңгімелер көп кездеседі. “Қазақ ертегілері” жинағының үшінші томында “Алдардың тууы” атты аңыз-ертегіде Алдардың әкесі Алдан деген момын адам болған дейді.


“Алдардың әкесі Алдан момын адам болыпты. Оның өмір бойы кәсібі қой бағу екен. Баққан қойы байдікі болған”,-деп басталады аңыз. Бай Алданды жалдағанда:“Асты жатып ішесің... Бардан ауысады, балдан жұғысады, жүзді айдап, бірді жетелейсің”,-деп алдайды. Алдан малын жылдап бағып ақысын сұрағанда “есің кетсе ешкі жый” деген деп жалғыз ешкі жетектетеді. Алдан ақысын даулап алдына барса, оны хан да алдайды, “шариғат солай” деп қазы да алдайды. Басы ауырып барса, бақсы да алдайды. Базарға барса, саудагер де алдайды. “Көзіңді жұмсаң керемет көресің”,деп ұры да алдайды. Сөйтіп Алдан ешкімнен әділдік, теңдік таппай зарығып, торығып жүргенде Алдар туады. Алдарды әлдилеп отырып әкесі:


Алдаушы арсыз көбейіп Ардан тойдым, қарағым. Әділеттік таба алмай, Заңнан тойдым, қарағым. Арсыз заман-азаптап, Жаннан тойдым, қарағым. Арашашы болсын деп, Алдар қойдым, қарағым...-


деп жауыздықтан көрген қорлығын, ызасын баласының бойына ана сүтімен, бесік жырымен бірге сіңіреді. Алдар есі кіріп, тілі шығысымен-ақ әкесіне:


Ержетейін, ел аралайын. Алдаушылармен арбасып көрейін!деп уәде береді, уәдесін артығымен орындайды.

“Баяғыда хан Жәнібек тұсында Қожыр деген бір шал болыпты, шалдың үш баласы болыпты”,-деп басталатын “Алдар атануы” дейтін екінші бір аңызда ғалымдар оның қалай Алдар атанғандығын көрсететін мәліметтерге жүгінеді.


Кәні, қайсың қандай кәсіппен мен асырайсыңдар? дейді шал балаларына.

Ей, ата, мен алдасам, Жын болса арбасам. Жұрт істейтін кәсіп көп, Алдауды бер қаласам, дейді сонда кенжесі.


Кенжем, сенің қалағаның алдау болса... бұл бір өзгеше кәсіп екен. Сенің де алдыңнан жарылқасын, Алдар бол!-деп қолын жайып батасын береді [6, 434-435].

Алдар көсенің туған, өлген уақыты жөнінде ауызша да, жазбаша да дерек жоқ. Тек қана өмір сүрген ортасын, дәуірін жорамалдайтын жанама мәліметтер ұшырасады. Мәселен, Өзбек ауыз әдебиетінде “Алдар куса хикояси” [7, 4-5] атты кітап, 1911-1912 жылдары монография үлгісімен Бұқара баспасында жарық көрді. Осы кітапта Алдар көсенің қай рудан шыққандығы жайлы дерек бар:“Тарих минг олти юз туқсон биринчисида Самарқанд улкасида Жонибек … замонида Рамадан элидан Шумрай деган киши (оиласи) дан Қурай деган уғил туғилди. Қурай балоғатга етиб, хотин олиб, ундан яна бир бола Золи жахонга пайдо булиб, бу боланинг макрига барча таажжуб бармоғини тишлаб, тафаккур бахрига узини урар эди…


Шу вақтда Жайронча номли бир донишманд булиб, у хар бир сузига хондан минг танга олар эди. Унинг сузи хам бир китоб булади.


Бир куни Жайронча тангаларини хуржун га солиб, отга ортиб, миниб борар эди. Ногох, у Қурайнинг боласига йулиқиб қолди. Иккови сузлашиб, охирида Жайронча донишманд була туриб, бу боланинг сузига жавоб топиб беролмай, истихолага кетиб, ёрилиб улди. Унинг хуржунидаги тилла ва оти бунга қолди.


Бора-бора бунинг шухрати, донғи оламга кетди. У балоғатга етиб, ëши уттизга етиб борган булса хам юзида бир туки йук, ияги сартарошларнинг қайроғидан хам силлиқ, юзига чибин қунса, оëғи тирғаниб тура олмас эди. У эл орасида Алдаркуса атанди ...”


(1961 жылы Самарқанд өлкесінде Жәнібек заманында ... Рамадан елінде Шумрай атты кісінің отбасында Құрай есімді бала дүниеге келеді. Құрай ер жетіп, әйел алады. Зали есімді ұлы дүниеге келеді. Баланың айлакерлігіне барша жұрт таң қалады.


Сол уақытта Жиренше шешен атты бір данышпан өмір сүріпті. Ол әрбір сөзі үшін ханнан мың теңге алатын еді. Оның сөзі бір кітап болатын.


Бір күні Жиренше ақшаларын қоржынына салып, атқа мініп, кетіп бара жатады. Жолда кездейсоқ ол Құрайдың баласына жолығады. Екеуі сөйлесіп, ақырында Жиренше, шешен бола тұра, баланың сөзіне жауап таба алмай жарылып өледі. Осылайша Жиреншенің аты мен барлық ақшасы балаға қалады.

Кейіннен оның аты даңққа айналып, бүкіл әлемге тарайды. Ер жетіп, отызға келсе де, бетінде түгі жоқ, иегі шаштараздардың қайрағынан да тегіс болатын, бетіне шыбын қонса, аяғы тайып, тұра алмайтындай еді. Осылайша ол ел арасында Алдар көсе атанады), -деген пікір қазақ халқының тарихында өмір сүрген Жәнібек ханның заманына тура келеді.


Осы кітаптың екінші бір жерінде:

“Подшо сурадиким, қайси шахар одами, қай элдан экан деб.


Бойваччалар айдилар:


-Узи узбек, қозоқ элиндан булур,-дедилар. Андин сунг, Қозоғистон элин барчасига одам юбориб, ахтардилар. Андин Урганч чулида Рамадан элинда Алдаркусанинг овулини топдилар” (Патша оның қай қаладан, қай елден келгендігін сұрапты. Байлар:“Өзі өзбек, қазақ елінен болады”,-деп жауап беріпті. Одан кейін Қазақ еліне адам жіберіп, іздестіріп, Үргеніш шөлінде Рамадан елінде Алдар көсенің ауылын тауыпты), деп айтылған пікірде Алдар көсенің қазақ арасынан, Рамадан руынан, Кіші жүздің мекендеген жері Үргеніш шөлінен табылғандығы айтылады [7, 10]. Берілген мысалдарға қарап, Алдар көсе образының өзбек және қазақ халықтарының фольклорында ортақ кейіпкер екендігін көруге болады. Алайда аңыз-әңгімелер ғылыми еңбек болып саналмағандықтан, бұлар ғылыми дәлел бола алмайды. Сонымен бірге Алдар көсе тарихта болған, өмір сүрген Жәнібек хан, Майқы, Төле бидің атына байланысты деректерде кездесетіндігін айтатын ғалымдар да болған. Қазақ ауыз әдебиетіндегі тарихи аңыз-әңгімелерді зерттеген ғалым Б.Адамбаев:“Тарихи адамдар қазақтың аңыз-әңгімелерінің екінші бөлегі ХІV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген Асанқайғы, Алдаркөсе және Жиренше шешен төңірегіне топталған”,дей отырып, Алдар көсені ХІV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген деп көрсетеді [3, 102]. Ғалым:“...Шағатай нәсілінен шыққан Алаша ханды Жошы нәсілінен шыққан Шайбақ деген хан соғысып Ортатөбеде өлтіріп, қазақ хандығын өзіне қосып алады. Кейін Жәнібек, Керей бастаған қазақ хандығы осының орнына құрылады. Демек, Алаша хан мен Жәнібек арасында мирастық, жалғастық бар. Нақтылы туған, өлген уақыттары мәлім болмағанымен Алдар көсе ... Алаша мен Жәнібек хандардың тұсында өмір сүрген тарихи адамдар деуге негіз бар”,-деп, сөзін жалғастырады [3, 113].


Алайда Дулат тайпасының билеушілері отбасында дүниеге келген М.Х.Дулатидің “Тарих-и Рашиди” деп аталатын тарихи-мемуарлық шығармасының 72-шы және 73-ші тарауларында берілген мәліметтерге сүйенетін болсақ, жоғарыда айтып кеткен ғалымның пікірінің қате екендігіне көз жеткізуге болады [8, 412, 413-414].


Ертегі жанрын зерттеген өзбек ғалымы Комил Имомов:“Куса номи билан машхур булган эртак қахромонинг тарихий шахс ëки туқима бадий образ эканлигини аниқлаб, юзага келган урнини белгилаш нихоятда мушкул (Көсе атымен атақты болған осы бір ертегі кейіпкерінің тарихи тұлға немесе ойдан шыққан әдеби образ екендігін анықтап, оның ортаға шыққан жерін табу өте қиын)”,-деген пікірі арқылы Алдар көсенің өмірде болған кісі ма яки халық өзі ойлап шығарған кейіпкер ме?деген сұрақты шүбәланып сенімсіздікпен айтады [9, 78].


Бұл жайлы өзбек фольклористикасында әр түрлі пікірлер бар. Х.Раззоқов:“...қаһарман кәдімгі көшпенді тайпалар арасында ортаға шыққан”,-деп айтса [10, 34], К.А.Иностранцев бұл мәселені сосонийлер дәуірімен байланыстырады. Оның айтуынша, сосонийлер дәуірінде халықтың тойлайтын “Куса мейрамы” (Көсе мейрамы) болған. Мұны “Куса сайли” (Көсенің саяхаты) деп те атаған. Қыстың күні өткізілетін бұл мейрамның алдында халық көсені құрметтеп, қонақ еткен. Оған жақсы матадан әдемі тігілген көйлек кигізген. Одан кейін сиырға міңгізіп, көше-көше аралатып, оның үстіне мұздай су құйған, ұсақ май бөлшектерін жаққан. Сол кезде көсенің “үсіп кеттім”‚ “үсіп кеттім” деп айқайлаған. Көріп тұрғандай, кәдімгі екі құдайылық (дуалистік) сеніммен байланысты болған бұл мейрамда, үстем тап қарсысында жеңіске жеткен халық идеалі суреттелген. Бұл деген, фольклор қаһарманы болған көсенің жоғарыда айтып кеткен рәсіммен бірге туылды мағынасын бермейді. К.А. Иностранцевтің пікірін негізге алған С.Маъдиев болса:“Көса образы кәдімгі кейбір салт-дәстүрлермен бірге ортаға шыққан”,-деп талқылай келе, “осы рәсім ұмытылып, образ сақталып қалған” деген нәтижеге келіп тоқтайды [11, 27]. Алайда бұл образдың ортаға шығу жолын тек осындай рәсімдерге байланыстырып қойғанымыз дұрыс болмас. Керісінше, ел арасындағы осындай рәсімдерден кейін үлкен беделге ие болып, жұлдызы жанған тұлғалар жайлы әрі көсемен байланысты – ертегілер, аңыздар болған және осы шығарма кейіпкерлерінің шынайы образы дәстүрлі мерекелік рәсімдермен араласып кеткен. Ал бұл жақсылықты ұлықтау, жамандықты қаралау мақсатында келіп шыққандар. Жоғарыда берілген рәсімнің “Куса сайли” деп аталуының себебі де осы.


Түрікменстандық фольклорист М.А.Сакали [12] мен ұйғыр әдебиеттанушысы М. Хамраев, Алдар көсе образын жағымды кейіпкер сипатында қолға алып: “Ол әрқашан халық тарапына шығып, зұлымдық пен зорлықты әшкерелеген”, деп бағалаған болатын [13, 56].


Егер де Қазан төңкерісінен бұрын және одан кейін жазылып алынған халық ертегілерін назарға алсақ, олардың кейбіреулерінде көсе жағымсыз кейіпкер сипатында суреттеледі. Мұны біз иран, өзбек [14], тіпті қазақ халық ертегілерінде [15] көре аламыз.


“Алдар көсе” атты ертегілердің алғашқылары осы күнге дейін жарияланбаған. Алайда Шукур Саъдулла өз кітабында [16] Алдар көсе ертегілерінің кейбіреулерін қайта зерттеп, жариялаған болатын. Бірақ бұл ертегілердің ешқандай ғылыми құндылығы жоқ. Бұдан басқа И.Муслимнің 1938 жылы қазақшадан аударған бір кітабы бар.


Қырғыз ауыз әдебиетінде де Алдар көсе атымен аталатын аңызәңгімелер бар. Аздыкөпті бірер жарым болса да орыс тілінде Москвада шыққан “Киргизские сказки” [17] атты кітапта қазақ тұрмысымен өмір сүрген адамдардың атымен байланысты аңыз-әңгімелер бар.


Қырғыз халық поэзиясында кездесетін Алдар көсе бейнесі зерттелмеген тақырып. Алдар көсенің шыққан тегі туралы “Проделки Алдаркосе” [17, 57] атты аңызда Алдардың бала күнгі есімі Шағатай екен, алдамшы және сақал-мұртсыз болғандықтан жұрт кейін Алдар көсе деп кетіпті:“Скоро люди увидели, что Чагатай ловкий обманщик. Но обманывал он всегда только богатых и скупых баев, злых и жестоких ханов. У бедных он не брал ни гроша, раздовал и то что добывал. Любил он подшу-тить над богачами, проделкам его не было конца. И всегда так изловчался, что смеялись все.


Стал Чагатай джигитом, но вот беда: не было у него ни бороды, ни усов. И стали называть его “Алдар косе”, что значило “безбороды хитрец.”


Қырғыз ауыз әдебиетінде айтылып жүрген


Алдар көсе аңыздары қазақ ауыз әдебиетінің ықпалы арқылы ауысып өткен. Себебі көптеген ғасырлар бойы көрші, төскейде малы, төсекте жаны қосылған тілі, діні жақын туыс қырғыз халқының ауыз әдебиеті үлгілері бірбіріне ауысып, ықпал жасап отыруы заңды құбылыс.


Қазақ арасында туылып өскен Алдар көсе бейнесі туысқан өзбек, түрікмен ауыз әдебиеті арқылы ертегідегі Жібек жолымен тілі бөлек, Иран мемлекетіндегі парсы тіліне қосылатын халықтар ауыз әдебиетіне “Алдар”, “Көсе”, кейде “Аяр”, “Шум бала” (Тентек бала) атымен жетіп барғанын көруге болады. Мысалы, “Персидские сказки” [5, 196] де Алдар мен Көсенің аты бір қолданбай, жеке-жеке кейіпкер есебінде аталынатынын көреміз. Алдар да, Көсе де, Аяр, Қу бала да өзінше түрлі-түрлі мазмұн мен пішінді бейнелейді. Бірде өмірден безіп дуана, дервиш пішінінде, кейде ақылды, данышпан, мәртебелі ұлы адам бейнесінде көрінсе, “Қырық көсе” аңызында сиқырлы, залым кісі, жағымсыз кейіпкер бейнесінде беріледі.


Қорыта айтсақ, қазақ фольклорында бұл кейіпкерге де Қожанасыр секілді тарихи тұлғалық сипат берілгендігі байқалады. Кейбір ғалымдар осы күнге дейін бізге жеткен аңыз-әңгімелерге жүгіне отырып, Алдар көсенің өмір сүрген дәуірін анықтауға тырысқан. Тіпті қай рудан шыққандығын да айтып көрсеткен [7]. Алайда аңыз-әңгімелер ғылыми дәйек бола алмайды. Сол себепті бұл жөнінде нақты, дәлелді дерек көздерінің болмауына байланысты Алдар көсені тарихи тұлға деп дөп басып айту, әлі ерте.


Әдебиеттер


Турсунов Е.Д. Генезис казахской бытовой сказки. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 192 с.

Марғұлан Ә. О характере и исторической обусловленности казахского эпоса // Известия Казахского филиала АН СССР, серия историческая. – 1946. – №2. – С.80.

Қазақ фольклорының типологиясы. – Алматы: Қазақ ССР-інің: Ғылым, 1981. – 308 б.

Әуезов М.O. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. – 559 б. 5 Персидские сказки. – М., 1956. – 307 с.

Қазақ ертегілері. ІІІ том. – Алматы: Жазушы, 1964. – 495 б.

Алдар куса хикояси. – Тошкент: Бухора басмоси, 1911-1912. – 95 б.

Дулати М.Х. Тар – их-и Рашиди. – Алматы: Тұран баспасы, 2003. – 616 б.

Имомов К. Узбек сатирик эртақлари. Монография. – Тошкент: Узбекистон ССР: «Фан» нашриети, 1974. – 316 б.

Раззоқов X. Латифалар ва уларнинг қахрамони Насриддин Афанди. – Тошкент: «Фан ва турмуш» журн. – №2. – 1972. – 57 б.

Иностранцев К.А. Материалы из арабских источников для культурной истории сасанидской персии. – С.-Петербург, 1907. – 212 с.

Сакали М.А. Туркменский сказочный эпос. – Ашхабад, 1956. – 237 с.

 Хамраев М. Уйгурские юморески. – Алма-Ата, 1969. – 172 б. 

АН.ФА. инв. – №58, 63, 65.

Потавин. Живая старина. – 1916, выпуск ІІ-ІІІ, запись.

Қайта ишлаб нашрга тайëрловчи Саъдулла Ш. Узбек халқ эртаклари. – Тошкент, 1955. – 194 б.

Kayta ishlab nashrga tayerlovchi Sadulla Sh // Uzbek halk ertaklari. – Toshkent, 1955. – 194 b. 

Киргизские сказки. – М., 1968. – 241 с.

Ашық сабақ. Информатика. 3d max studio бағдарламасымен жұмыс
Ашық сабақ. Информатика. 10 сынып. Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу