Ашық сабақ. Информатика. Қызметтік хаттың құрылымы

Oinet.kz 09-10-2019 630

Сабақтың тақырыбы: Қызметтік хаттың құрылымы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сабақты қызметтік хаттың құрылымымен таныстыру..
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыпшылықққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, үлгі, компьютер

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынандай бөліктерден тұрады.
1. Тақырыбы
2. Датасы
3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты жөні.
4. Кіріспе сөз
5. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлік.
6. Негізгі текст
7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері.
8. Жіберушінің қолы
9. Қосымша берілетін болса оған сілтеме.
10. Қосымша.
11. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет.
12. Постскриптум

1. Қызметтік хаттың тақырыбы:
Егер хат фирмалық бланкіге емес, таза қағазға жазылса жоғарғы жағына алдымен мекеменің толық аты, адресі, телефон нөмірі жазылады. Қажет болған жағдайда мекеменің немен айналысатыны да көрсетіледі. Айтылған мәліметтер қазақ тілінде қажет жағдайда қосымша орыс немесе ағылшын тілінде беріледі.
Мерзімі. Хат жазылып отырған күн қағаздың оң жақ бұрышында көрсетіледі. Хат жазылған ай цифрмен емес жазбаша көрсетілгені дұрыс. Себебі цифрды тез шатастырып алуға болады, кейбір елдерде бірінші цифр жазылған күнді емес айды білдіреді.
Хат алушы мекеменің аты мен мекенжайы. Тақырыптан кейін хат жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолға адресаттың аты-жөні жазылады. Ер адамға аты жөнінен кейін мырзаға, әйел адамға ханымға деп жазуға болады.

Кіріспе сөз. Ресми кіріспе сөздің қабылданған стандарт формалары бар. Кіріспе сөз азат жолдан бастап жазылады.
«Құрметті мырзалар!»
«Мырзалар!»
«Құрметті М. С. Болатов мырза!»
Хаттың жалпы мазмұн, мақсатына нұсқау.
Көп жағдайда негізгі текстен бұрын хаттың жалпы мазмұн, мақсатын білдіру үшін қысқаша мәлімет жазылады.
Негізгі текст. Қызметтік хаттың түрлері өте көп. Олар:
1. ресми хаттар
2. жеке хаттар
3. ұсыныс, кепілдеме хаттар
4. сұрау салу хаттары
5. шағым хаттар
6. жолдама хаттар.

Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері күнделікті қолданылатын «Сау болыңыз!», «Жақсылықпен көрісейік» сөздерін ауыстыра алатын ресми, стандарт сөздер болуы керек.
Жіберушінің қолы

Хаттың бұл бөлігінде жіберушінің ресми қызметі аты-жөні жазылады және қолы қойылады.
Қосымша берілетін болса оған сілтеме. Жолдама хатта көрсетілген мәліметтің бәрі қосымша болып есептелінеді. Қосымша бірнешеу болса оған тізім жасалынады.
Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет парақтың сол жағынан ұсақ шрифтімен жазылады.
М:
«Орындаушы Бердібекова А. С
жұмыс телефоны: 56 - 58 - 41
2005 жыл 28 тамыз»

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Қызметтік хат қандай бөліктерден тұрады?
2. Қызметтік хаттың түрлерін ата.

Оқушыларды бағалау

Ү. Үйге тапсырма: 125 - 136 бет

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Егіндібұлақ ауылындағы кәсіптік мектеп мұғалімі
Информатика пәнінің мұғалімі Ақшабақова Кульзипа

Ашық сабақ. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар. 3 сынып. Файлдар мен бумалар
Филология. Реферат. Түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне тән дыбыс алмасулар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу