Филология. Реферат. Тіл этникалық менталитеттің туындысы ретінде
Мақала тіл мен ойлаудың өзара қарым-қатынасы мəселесіне, атап айтқанда, менталдылықты білдірудің вербалды құралдарын зерттеуге арналған. Этникалық менталитет — халықтың рухани, экономикалық, этникалық жəне тарихи дамуының барлық қиындығы бар ерекше белгілер мен мінез- құлық жиынтығы. Қазіргі заман дəуірінде мəдениетаралық байланыстардың қарқындылығына байланысты, негізгі мəдени проблемалардың бірі — халықтардың ұлттық өзіндік болмысын жоғалтуға қатысты мəселе туындайды. Мұндай құбылысқа жол бермеудің ең жақсы кепілі — ұлттық менталитеттердің туындысы ретінде қайталанбас ойлау қоймаларының көрінісі ретінде ұлттық тілдердің өзін-өзі бағалауын ұғыну болып табылады. Тіл мəдениет феномені ретінде құндылықтар жүйесін, көңіл-күйді, бағалауды белгілейді жəне көрсетеді, яғни, қандай да бір мəдениетті тасымалдаушы бейнесінің жүйелілігін анықтайды. Тілдік ментализм типтерін зерттеу мінез-құлық стереотиптері адамдардың санасында қандай да бір халық үшін тəн барлық белгілер кешеніне қатысты бар стереотиптермен қалай тұйықталатынын жəне оның менталитетінің негізін құрайтынын түсінуге мүмкіндік береді.
Менталдылық — күнделікті өмір сөз қорына жəне көптеген гуманитарлық ғылымдар саласына баса көктеп кірген термин. Қазіргі əлеуметтік-гуманитарлық мағына бірқатар менталитет зерттеушілерінің — Леви Брюль, М. Блок, З. Фрейд, К.Г. Юнг, В. Райх теориялық тұжырымдамаларын қолданады. «Менталдылық» термині ұжымдық жəне дара сана — ақыл, білім, күнделікті өмір тұрмысының логикасымен ғана анықталмайтыны туралы, сонымен қоса нормалар, мəдениеттің құндылықтары мен салт-дəстүрлері, ұрпақтың тарихи тəжірибесі мен этностың жалпы рухани райымен түсіндіріледі. Халық менталдылығының қалыптасуы — бірқатар ұрпақтардың өмірін толық қамтитын жəне қоғамның ішінде болып жатқап өзгерістерге таптаурын реакциясының əсерінен елеулі ықпал ететін ұзақ үдеріс.
Əр халықтың этникалық менталитеті — ерекше мінез ерекшеліктерінің жиынтығы, бастауы халықтың зияткерлік, ақыл, психологиялық өзгешелігінен алынған, олардың тарихи, геосаяси, климаттық, этнографиялық, этникалық жəне күнделікті тұрмыс жағдайларынан үлестірілген [1; 19].
Əр этнос өзіне ғана тəн, барлық тарихи кезенінде жинақталып қалыптасқан, менталитетпен сипатталады. Бұл өзге этникалық құрылымдардан ажырататын ұлттың дербес өзгешілігі. Бірақ еш уақытта сыртқы анықтауыштармен байланысты емес, ол этностың болмысы мен терең мазмұнымен сипатталады. Мысалға, америка халқын алайық. Англия, Германия, Франциядан шыққан американың жазықтарын алғашқы қоныстандырушылар типтік ұлттық ерекшеліктердің иеленушілері болған, алайда оларды бірлестірген жеке бастық дербес мүддесі бағдарын жүзеге асыру, американдық қоғамның жетекші идеясының негізі дарашылдық болуына əсерін тигізді.
Этникалық менталитет ғасырлар бойы қалыптасады, біркелкі тұрақты жəне кертартпа мазмұнға ие. Этнос, қауым, жеке тұлға оны өз еркімен өзгерте алмайды. Əлбетте, бұл менталитетті қатып қалған немесе өзгермейтін əлдебір мағынасында емес. Ол сапалы өзгерістерге ұшырауға қабілетті, яғни мүлдем өзгеруге жəне байытылуға, бірақ бұл үдеріс субъект арқылы реттелмейді, кенеттен көптеген географиялық, этникалық, əлеуметтік мəдени тұрмыстық ерекшеліктерге байланысты ықпалдар əсерімен өзгеріске ұшырайды. Ұлт менталитеті сипат бойынша біртектес болмайды: ол өзіне позитивтіні де, негативтіні де қосады.
Кез келген этнос санасына мəдениетпен енген, өзінің əлем бейнесін қалыптастырады. Осылайша, əйгілі «ұлттық əлем бейнесін» зерттеуші Г. Гачев кезкелген этносты сипаттайтын келесі элементтерді бөліп шығарады: кеңестік пен уақыт, вертикаль мен горизонталь, неліктен жəне кім. Ол белгілі халыққа жəне оның мəдениетіне ең маңыздысы не екенін анықтауға тырысады. Мысалы, неміс халқы үшін — Уақыт («Болмыс жəне уақыт» — Хайдеггердің философиялық еңбегі), қазақ пен орыс халқы үшін — Кеңістік (Пространство). Тіпті қасиетті сөз «Отан» (Страна) біртүбірлес. Англосақсондықтеңеу «Уақыт — ақша» орыс адамының ойына да келмеуші еді. Ресей үшін, «шексіз жазық» (Гоголь айтылымы), мемлекет үшін Қиыр, Кең-байтақ, Жол-сапар горизонтальды идеялары құндылықтар өлшемінде басым болады. Германия үшін Тереңдік пен Шың архетиптері жəне Үй (Haus) құрылымы барлық априорилерде қарастырылады [2; 91].
Этностардың мəдениеті мен ментальдылығы олардың əлемнің пайда болуы жəне барлық болмыс туралы түсінігіне байланысты өзгешеленеді. Олар Табиғаттан пайда бола ма əлде Еңбектен? Мысалы, Америкада self-made man (дəлме-дəл «өзін-жасаған адам») атты стереотипті адам бейнесі басым. Орыс тіліне қарағанда, «Қалай тұрып жатырсын?», американдықтар кездескенде «How do you do?», сөзбе-сөз «Ісіңді қалай істеп жатырсын?» деп сұрайды. Тіпті дұға қылу кезіндегі «Сенің еркін болсын» ағылшынша келесі түрде болады «Сенің еркін істелінсін». Осындай стереотипті нұсқау əрекеттің американдық континенте прагматизмнің кең таралуына мүмкіндік болғанына еш таңданудың қажеті жоқ [3].
Этностың дүниетанымы мен дүние қабылдауы көп жағдайда негізгі мəселелердің қайсысы оған елеулі болатындығымен анықталады: Немене? Неге? Не үшін? Қалай? Гректерге «Бұл немене?» атты Болмыс сұрағы тəн; немістер үшін «Неге?» сұрағы маңызды, өйткені қызығушылық болмыстың мəселелерін анықтауға бағытталған. Француздар үшін осы сұрақ «Не үшін?» деп естіледі: мақсат себептен маңызды, болмыстың барлығы алдыда, болашақта. Осыдан француздік ілгерілеу (Руссо, Кондорсе), эволюция (Ламарк, Тейяр де Шарден), əлеуметтік утопия (Сен-Симон, Фурье) теориялары туындайды [4; 92].
Ағылшындықтар жəне əсіресе американдықтар басты сұрақты қояды — «Қалай?»: зат қалай жұмыс істейді, қалай істелінді? Ноу-хау қағидасы барлық əлем бойынша таралған, бұл «How to…» туралы кітаптардың көп мөлшерде болуын түсіндіреді — «Қалай табысқа жетуге болады?», «Қалай достарға ие болуға жəне адамдарға ықпал ету болады?», «Қалай серіктестікке ие болуға болады?».
Кезкелген адамның дүние танымы мен ойлау құрылымы, сөзсіз, оның немене жəне қалай сөйлейтініне əсер етеді. Халықтар тілдері, адамның шынайылыққа тиімді бақылау ететінін теріске шығаратын мəдениеті, айтылулар мен фаталистік мазмұн түйінді сөздерімен мол. Оған дəлел — мақал мен мəтелдер. Итальяндықтардың Che sera sera мағынасы «бұйырғаны болады», орыс халқы: «Адам ойлайды, Құдай шешеді». Араб тілінде — In sha Allah («барлығы Аллахтың еншісінде») барлық əлемге белгілі. Тағдыр жайында американдықтар көрегендікті теріске шығаратын афоризмдерді дұрысырақ көреді: The Lord helps those who help themselves («Құдайға сенемін деп жолыңнан қалма») немесе Where there's a will there's a way («Ізденбеген ілгерілемейді»).
Американдық менталдылық бұрыннан бері Ескі жəне Жаңа дүниедегі көптеген ойланушы тұлғалардың басты назардағы заты болып есептеледі. 1952 ж. нью-йорктік пастор Норманн Винсент Пил «The Power of Positive Thinking» («Позитивті ойлау күші») атты кітабын шығарды, ол тез арада бестселлер болып, ал кітап атауы — қанатты сөзтіркесіне айналды Осы кітап авторының айтуына сəйкес, американдықтардың балалық шағынан бастап «позитивті ойлау» күшіне сену енген, оптимистік көңіл-күй мен адамдарға деген тілектестік қарым-қатынас. Американдықтардық жақсы көңілді-күйін білдіру əдеті, яғни think positive тамырландырылып жəне жас балалық шақтан рефлекс ретінде қалыптасады. Осылайша, американдық отбасыда балалардың əртүрлі іс-əрекет түрлері жиі ата-аналардың кеңестерімен қоса жүреді: Have fun (Думанда!), You can do it! (Алға!), сақтандырулармен емес, мысалы: Байқап жүр! Құлама!
Біз көріп отырғандай, американдықтардың өмірлік белсенді жайғасымы тұрмыс дəстүрінде ғана емес, тілде де көрінеді. Американдық ағылшын тілінде жүздеген құрылымдарда белсенді əрекет етуші мол кездеседі, белгісіз жақ пен жақсыз құрылымдары керісінше аз. «Белсенді» тілдік құрылымдар, оған қоса «позитивті ойлау» айрықша американдық менталитетті қалыптастырады.
Кейбір халықтардың негізгі сипатында мəнерлілік басым. Олар өздерінің эмоцияларын ашық айтуға бейім, оларды басу табиғи заңдылықтан тыс болып саналады. Келесі санатқа өзін-өзі бақылау сипаты басым халықтары енеді, шамадан тыс сезімдерін көрсету дөрекі, қоғамға жат болып саналады. Ағылшындықтар, өзін-өзі бақылау басты абырой болып есептелінетін, екінші санатқа жатады.
Ағылшын моралі адамға сыртқы дүниеден өзінің жеке өмірін жекешелендіруге ұсыныс береді. Үйдің табалдырығы шекаралық сызық қызметін атқарады. Жеке меншікке табыну үйді қамал ретінде көру қатынасын қалыптастырды. Барлығына кең таралған əйгілі айтылым белгілі — An Englishman's house is his castle. Ағылшындықтар үшін үй — болмыстың орталығы жəне тұрмыста басты орын алады.
Өзінің шығу тегіне, салт-дəстүрге деген құштарлық, консерватизм секілді белгілерді қалыптастырды, яғни өткенмен байланысты бар дүниені бағалай білу қабілеті. Кезкелген өзгеріске қарсы болып, олар белгілі ережеге сəйкес əрекет етуге тырысады. Ғасырлар бойы таптаурын ой-пікір қалыптасты, спортта да, өмірде де белгілі ережелерге, сөзсіз, бой ұсынып, ал ережені бұзышуларды жазалау қажет. Өмірлік жəне спорт ережелерінің ұқсастығын қарастыру барысында келесі ағылшын тіліндегі айтылымда көруге болады «It's not a cricket», мағынасы – «бұл əділетсіз, ережеге сай емес».
Қазіргі Германия — прагматикалық ұлтшылдықтың мемлекеті. Бұл өзінің империялық, нацистік өткенін өткір қабылдамау, керісінше, демократия, құқықтық мемлекет, федерализм жəне əлеуметтік бағытталған экономика қағидаттарын мойындау. Осы жаңа сын-тегеуіріндер неміс менталитетінің негізгі бөлігін жандандырады:
1) Протестанттық еңбек этикасы борыш ретінде («Wir sind nicht faul!» — «Біз еріншек емеспіз!»). Неміс халқы өте еңбекқор, олардық тəртіпке деген ұмтылысы барлығына мəлім.
2) Мемлекетке деген құрмет. Немістер үшін отан — бұл кіші Отан — «Mein Heimatort», ал жалпы Германия — Атамекен — «Mein Heimatland».
Əлеуметтік жөн жəне «тəртіп» секілді ұлттық құндылықтарды неміс халқы үшін қадірлеу қазіргі таңда Германияда заманауи маңдайша жазу жарналары мен хабарламаларда көрінеді. Ең əйгілі неміс көшелерінің ерекше бейнелерінің бірі — verboten («тыйым салынады») сөзінің жиі қолданылуы. Мысалы, Parken verboten («Автокөлікті қоюға тыйым салынған»), Ankleben von Plakaten verboten, Plakatieren verboten («Плакаттарды жапсыруға тыйым салынған»), Rauchen verboten («Темекі шегуге тыйым салынған»), Fahrräder anstellen verboten («Велосипедті қоюға тыйым салынған») секілді хабарламалар көшелерде қадам сайын кездеседі. Осылайша, неміс халқының негізгі ұлттық құндылықтарының бірі Ordnung деп толық сеніммен айтуға болады. Шиллер оны өркениеттің пайда болуына ықпал еткен «көктен сыйланған игілік» деп атаған. Соңғы үш мыңжылдықта осы ізгілік неміс халқының санасында мықты бекітілген [3].
Немістердің тəртіпке, тазалыққа деген махаббаты неміс тілінің құрылымына əсер етті. Грамматикасы тиянақты. Неміс тілінің грамматикасында етістіктің алты түрі бар. Əрбір текке белгілі артикль сəйкес. Əр артикль септіктер бойынша белгілі ережеге сай септеледі.
Неміс халқы — өте əдепті халық, грамматикасында сыпайы түр бар (die Hoefflichkeitsform), тіпті Сіз есімдігі — (Sie) бас əріппен жазылып, ауызша сөйлеу тілінде Өтінем сөзімен қолданылады — «Bitte». Есіңізде болсын, неміс тіліндегі барлық зат есімдерде бас əріппен жазылады, мүмкін, осылайша неміс халқы қоршаған адамдарға ғана емес, нəрселерге де құрметін көрсететін болар.
Қазақ халқының менталитеті — əртүрлі уақытта қалыптасқан, əртүрлі белгілердің жиынтығы: бұл отансүйгіштікте, кеңестік уақыттың менталдылық белгілеріде, туған мемлекетке құрметпен қарау секілді патернализм белгілеріде, этникалық сана-сезімнің өсуі, барлық қазақстандық халқының этникалық өзін-өзі тануға деген ұмтылысы (көпэтникалық əлеуметте), өзге мəдиниеттердің құндылықтарын түсіну, əлемді сүюшілік жəне Еуразия аумағындағы өмір сүріп жатқан халықтардың ортақ мəдениеті ретінде орыс мəдениетімен жақындасу. Алайда, ұлттық сананың түрлендіру барысына қарамастан, қазақ ұлтының менталдылық белгілері халықтың рухани ерекшілігі ретінде сақталып келеді.
Қазақ халқының менталитеті көшпелі тұрмыспен тығыз байланысты, жəне де Еуропа халықтарының менталитетінен күрт өзгешеленеді. Оның өзгешілігі табиғи-географикалық жағдайлар, шаруашылық қызмет түрлері, туыс-тайпалық сатысы жəне сословие ретінде қалыптасқан — этникалық топ; этникалық құрылымның ерекшелігімен шартталған. Көшпенді демократия сырт жағымен иерархия жайында түсінігі болған, тұрмыстың барлық жағдайын қамтыған «үлкен» деген түсінікте көрсетілген, жолы үлкен — «зор құқық». Жолы үлкен көптеген қырларды қамтиды — жасты, жүз-тайпа-ру жүйесіндегі рөлді, еңбек жемісін, атақты, беделді, отбасы жағдайын, дарынды, материалдық жағдайды жəне т.б.
Қазақ халқының менталитеті ұлттық сананың негізгі желісі ретінде өзгеріске ұшырайды, жылжымалы. Егерде бұрын төңкеріске дейін негізгі белгілері: отансүйгіштік, яғни қоғамда үстем болған патриахаттық құрылысқа, қауым мен туыс-тайпаның ақсақалдары бекіткен ережелерге, «Жеті жарғы-ға» құрметпеу қарау, төрелер мен қожалардың нұсқауларын орындау болатын болса; төңкерістен кейін негізігі белгілері, қазақ қоғамындағы жалғасып келе жатқан үстем патронимдік қағидалармен қатар кеңестік менталдылық белгілері, ұжымжылдық теңдіктің қағидаларын сақтау болды (Біреу барлығы үшін, барлығы біреу үшін) [5].
Қазақ халқы өмір ұғымын «керуенмен» байланыстырған: «Өмір — шексіз керуен». Берілген мəтелдің семантикасы қазақ халқының көшпенді өмірін білдіреді. «Қамшының сабындай қысқа өмір» айтылымы адам өмірінің аз уақытылы екенін белгілейді.
Дəстүрлікте қоныс ұғымы көбіне — динамика, рух, жан. Жан — адамның ішкі дүниесінің орны. Қазақ тілінің əлем бейнесінде «жан» көп жағдайда денсаулықпен, адамның физикалық күйімен байланысты. Мысалы, «Қай жерің ауырса, жаның сол жерінде»; «Бас ауырса – жан қорқады», «Жан ауырса — тəн азады, қайғы басса — жан азады». Жан адамның өмірлік күші, барлық адамзатқа ортақ өмір бастауы ретінде қарастырылады.
Қазақ халқының менталитетінде жанның биік самғауы мен күнделікті болмыстың тұрмысы шектеулі түрде тіркеседі. Ойдың еркін шарықтауы мен тəжірибелік ойлау реализмі. Қазақ халқының мұраты, жарқын ұлттық ерекшелігі бола тұра, əлемнің негізгі өркениетінің құндылықтарына жақын: олар — адамзатты сүю, əділеттік, еңбек абыройы, зеректі қажеттік.
Қытай менталитетіне келетін болсақ, ол мыңжылдықтар бойы қалыптасқан рухани жəне дəстүрлі құндылықтарды көрсетеді. Ежелгі конфуциандық моральдің қытайлықтар өмірінің барлық жағына: билікке, отбасылық құндылықтарға, жеке тұлғаның қоғамдағы мінез-құлқына əсерін асыра бағалауға болмайды. Қытайлықтардың табиғи жағдайлары, тұрмыс жəне жұмыс қызметінің сипаты ұжымшылдық, ұйымшылдық, тəртіптілік жəне шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті. Табиғи апаттармен күресу үшін мыңдаған жəне миллиондаған адамдардың бірлескен іс- əрекеттері талап етілді (鸡太升天 — адам жоғары лауазымға немесе өте маңызды лауазымға ие болса, онда оның қарамағындағы барлық адамдар онымен бірге қызметтік баспалдақпен жоғары көтеріледі). Азық-түліктердің, пайдалы қазбалардың шектеулі саны, көптеген қытайларда гипертрофиялық үнемдікті жəне прагматизмді пайда етті. Қытайлық өзінің мақсатына жету үшін ең үнемді жолды есептейді [6].
Əлемде тілі (ең алдымен, жазу) ұлттық менталитетіне соншалықты үлкен əсер ететін халық жоқ шығар. Басқа адамға қытайлық сөйлеу барысында «мырзаның» орнына «мұғалім»дейтіні кездейсоқ емес. Мыңдаған күрделі иероглифтерді көп еңбекті қажетсінетін жəне ұзақ уақыт бойы зерттеу қытайлықтарға тəн табандылық пен мақсаткерлік сияқты сапаларды қалыптастырды.
Қытайлықтар көптеген ұлт ретінде коммерциялық қызметке бейім (үлкен ақшаға, құдайларды да сатып алуға болады; тіпті он мың күміс лянын жинасан, өлгеннен кейін өзімен бірге мыс монетасын да алуға болмайды) деген пікір таралған. Бұл көзқарасты Қытай Шығыстағы, біздің дəуіріміздің бірінші мыңжылдығының соңында еврей иммиграциясының толқынына қол жеткізген соңғы ел тарихи фактімен жиі байланыстырады. Осы уақытқа дейін көптеген қытайлықтар Чжэцзян сауда провинциясынан шыққан адамдарды «шығыс еврейлері» деп есептейді.
Қытай менталитетінің жағымсыз қасиеттеріне келетін болсақ, оларға, əдетте, фанатизмге ұласатын жігерлілік, өзін-өзі қатты бағалау жатады. Бұл парадоксалды, бірақ Қытайдың батыстан артта қалуының маңызды себептерінің бірі Қытай империясын əлемнің пайда орталығы ретінде қабылдау болып табылады. Сондықтан қытайлықтар оларға сыртқы əлемнен ештеңе алуға қажет жоқ, барлығы Қытайда ойлап табылды жəне құрастырылды деп есептеді. Тек жақында ғана Қытайдың неғұрлым дамыған мəдениеті бар, əлем орталығында екендігі туралы түсініктерді қайта қарау басталды.
Ұлтшылдық коммунистік постулаттарды алмастыра бастады жəне Қытайда жаңа режимнің негізгі идеологиялық базасына айналды. Сонымен қатар ұлтшылдықтың қытайлықтардың жас буынына тəн, оған, əдетте, американдықтар шағымданып, батыстың демократиялық құндылықтарын насихаттайды. Реформалар жүргізу кезінде жарты миллионнан астам жас қытайлықтар батыс жəне жапон университеттерін бітірді. Онда 200 мыңнан астам қытайлық студент білім алуларын жалғастыруда. Олар американдық идеалдар мен құндылықтардың жолсерігі болуы керек, бірақ бəрі олай емес. Қытай жастарының көпшілігі өз басшыларының Батыс демократиясының Қытайдың рухани құндылықтарға қайшы келетіні туралы мəлімдемелерімен келіседі. Олардың пікірінше, Қытай үшін қазіргі уақытта негізгі міндет халықтың физикалық өмір сүруі, пікір білдіру еркіндігі емес, экономикалық реформалар жүргізу болып табылады.
Қазіргі жапон ойының жапон жəне батыс құндылықтарының бірегей үйлескендігіне байланысты ғалымдар үшін сөзсіз қызығушылық танытады. Батыстың қазіргі заманғы демократиялық институционалдық жүйенің негізгі элементтері алып, Жапония ұлттық ойлаудың кейбір дəстүрлі белгілерін сақтап қалды.
Жапонияның өзін-өзі оқшаулаудың үш жүз жылдығы жапон ұлттық сипатындағы күшті таңбаны қалдырды. Ел «қуыршақтар» күйінен əрең шығып кетті. Жылдам жаңғырту жапондықтарда аралас сезімдерді қалдыра отырып, Батыс тауарлары мен құндылықтарының экспансиясы түрінде өтті. Қарым-қатынастың əртүрлі деңгейлерінде ксенофобия элементтері кейбір жапондықтардың «гайдзин» («өзге адамдар» — шетелдіктер) қашықтығына ұмтылуы сезіледі.
Жапон қоғамының тағы бір ерекшелігі — оның гомогендігі. «Бір ұлт — бір жүрек» («Иккоку — иссин») ұранында өз сөзін тауып алған бірыңғай мемлекеттің жеке тұлғасы ретінде индивидтердің өзін-өзі сəйкестендіруінде көрініс табады.
Өзін-өзі оқшаулау жəне біртектілік үйлесімі жапон қоғамының бірнеше басқа мағынада жабылуына алып келді. Ол мінез-құлық ережелерін белгілейді, нормалары осы референттік топтың мүшелеріне ғана түсінікті субмəдениетке айналатын стереотиптерді əзірлейді. Қазіргі уақытта Жапонияда «ути» (ішінде) жəне «сото» (сыртында) бөлулері қатаң сақталуда. «Ути» — бұл ішкі шеңбер, мысалы, үлкен отбасы немесе бір фирманың қызметкерлері немесе бір референттік топтың мүшелері. «Сото» — бұл бөтен адамдар жəне аутсайдерлер. «Өз» мен «бөтен» арасындағы шекаралар нақты белгіленген, сол жəне басқа да жағдайларға қатысты мінез-құлықтың түрлі нысандарын белгілейді [7; 59].
Жапонияға Хайдеггердің «Die Sprache ist das Haus des Seins» («Тіл — болмыс үйі») формуласы толығымен қоса берілуі мүмкін. Өз референттік тобында қарым-қатынас кезінде қолданылатын грамматикалық формалар басқа референттік топтардың мүшелеріне жүгіну формаларынан ерекшеленеді.
Жапонияда «иэ» (үй) немесе «измото» (үй негізі ретінде) ұғымы алғашқы негіз болып табылатын өзіндік қоғамдық жүйесі ретінде қалыптасты. Терминді түсіндірмесі, əрине, «отбасы» ұғымынан кең. Басқаша айтқанда,»иэ» — бұл қанды туыстық емес, ортақ шаруашылық пен үй негізінде жұмыс істейтін əлеуметтік топ. «Иэ» ұғымы жапон өркениетінің ең айқын константасына айналды деп айтуға болады.
Жапон қоғамы ерекше жүйе болып табылады, онда таптауырын нормалары маңызды рөл атқарады. Батыстан əлдеқайда көп дəрежеде типтік контекстер алдын ала келісілетіндей, стереотиптелген, бастапқы стандарттың кейбір нормалары ретінде əрекет етеді.
Белгілі болғандай, индивидуализм — Батыс игілігі, демократиялық қоғамның либералдық құндылығы. Бірақ дамыған нарықтық экономикасы бар либералды-демократиялық мемлекет болып саналатын Жапонияда да дарашылдық құндылық ретінде тамыры босаған жоқ. Жапония Батыс құндылықтар жүйесін қабылдап, игеріп, өз ойларының өзіндік ерекшелігін жоғалтпады.
Менталитет бір халықтан екіншісіне берілмейді. Киплингтік айтылымда: «Батыс ол Батыс, Шығыс ол Шығыс. Жəне олар бірге ешқашан болмайды» негіз бар. Ғылымның, техника мен мəдениеттің əртүрлі салаларында əртүрлі құндылықтармен белсенді алмасуға қарамастан, Батыс өмір салты Шығыс менталдығына үйлесе алмайды.
Осылайша, этникалық менталитет — бұл халықтың рухани, экономикалық, этникалық жəне тарихи дамуының барлық қиындығы бар ерекше белгілер мен мінез-құлық жиынтығы. Менталдылық саласынан жасырын енуге көмектесетін жалғыз қабілетті құрал — тіл. Тіл мəдениет феномені ретінде құндылықтар жүйесін, көңіл-күйді, бағалауды белгілейді жəне көрсетеді, яғни қандай да бір мəдениетті тасымалдаушы бейнесінің жүйелілігін анықтайды.
Тілдік ментализм типтерін зерттеу, өз кезегінде, мінез-құлық стереотиптері адамдардың санасында қандай да бір халыққа тəн барлық сипаттар кешеніне қатысты бар стереотиптермен қалай жанасатынын жəне оның менталитетінің негізін не құрайтынын түсінуге мүмкіндік береді.
Əдебиеттер тізімі
Калмырзаев А. Национальный менталитет и национальный дух / А. Калмырзаев. — № 8.— М.: Мысль, 2000. — С. 19–27.
Гачев Г. Д. Национальные образы мира / Г.Д. Гачев. — М.: Прогресс, 1995. — 479 с.
Issina G.I. Language images as the reflection of national consciousness / G.I. Issina // European Researcher. — Сочи, 2013. — Vol. 42. — No. 2, 3. — P. 462–466.
Веселова В.В. Менталитет американского общества и гуманистическая парадигма образования и воспитания / В. В. Веселова // Педагогика. — 1999. — № 8. — С. 91–99.
Кшибеков Д.К. Истоки ментальности казахов / Д.К. Кшибеков. — Алматы: Дайк- Пресс, 2006. — 204 c.
Шляхов А.Л. Китай и китайцы / А.Л. Шляхов. — М: Астрель, 2012. — 352 c.
Чугров С . О традиционализме в японском мышлении / С . Чугров // Мировая экономика и международные отношения. — № 1. — М.: ИМЭМО РАН, 1999.