1-қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара сценарий
Қызылорда облысы,
Қазалы аудандық балалар әуез мектебі
«фортепиано» класының оқытушысы
Ізмаханова Құралай Еламанқызы
1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!!! «Жастар ұйымының» ұйымдастырумен өтетін
1 - қазан Бүкіләлемдік музыка күніне және Қарттар күніне арналған мерекелік кешімізге қош келіңіздер!
2 - жүргізуші:
- Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала аспан - үн!
- Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
- Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
- Шырқат биік тіршіліктің дастанын!!
1 - жүргізуші:
Халықаралық музыка күні 1975 жылы 1 қазанда ЮНЕСКО шешімімен бекітілді.
Халықаралық музыка күнін бекіту бастамашыларының бірі композитор Дмитрий Шостакович болып табылады. Мереке бүкіл әлемде жыл сайын үздік артистер мен көркем ұжымның қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламалармен мерекеленеді. Бұл күні әлем мәдениетінің құндылығына енген туындылар шырқалады.
2 - жүргізуші:
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1 - қазан қарттар күні мерекесі де келіп қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
1 - жүргізуші:
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Әліш Саукен ағайға береміз.
Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
2 - жүргізуші:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
1 - жүргізуші:
Жанарын жалынды егілген
Жаныңды жадыратар тілегімен
Ізгілік иманымен нәр беретін
Ләззат ал әншілердің жүрегінен.
Ән. Әліш Бейбарыс
2 - жүргізуші:
Музыка әлемі - адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние.
Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.
Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор,
Сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
1 - жүргізуші:
Музыканың жанрлары, түрлері өте көп:
Олар: опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және
Аспаптық, вокалдық, эстрадалық, биге арналған, балаларға арналған, және т. Б. Музыка түрлері бар.
Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді.
Олардың музыкалары әр түрлі жанрды қамтиды. Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Ол ерекшелік адам мінез - құлқы, іс - әрекеті, өмірдегі тұрмыс тіршілігі, әдет – ғұрпы,
Түсінік - түйсігі мен ойлау, сезіну қасиеттері сияқты дара сипаттарға байланысты.
2 - жүргізуші:
Сондықтан музыканың ерекшелігі ескермей, бір өлшеммен өлшеуге болмайды.
Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында.
Музыканың халықтық, классикалық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де - өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным, талғам болуы тиіс.
Қазақ халқының музыкасы – халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы.
«Қазақтың қара баласы» әні орындайтындар мектеп оқушылары
2 - жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты.
1 - жүргізуші:
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.
2 - жүргізуші:
Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата - анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.
1 - жүргізуші:
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Сіздерге арнап Жайымовтың «Шаттанамын» күйін орындайтын 5 - класс оқушысы Кежденбек Перизат. Қошеметтеп қарсы алайық!
2 - жүргізуші:
Музыка – адамның тікелей жан дүниесінің тілі.
Музыка өзінің өте нәзік, сырлы әуенімен сезімтал адам жанының бар байлығын ашып бере алады.
Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың, татарлардың ауызша кәсіби фольклоры негіз салды.
Бишілер емес, құс сияқты
Елестейді бір көрген түс сияқты
Әжемнің ұршығындай үйірілген де
Жер шарын айналдырған күш сияқты - дей келе « қазақ биін» назарларыңызға ұсынамыз!! Қошеметтеп биші қыздарыңызды қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Қазанның 1 - і - халықаралық қарттар күні
Бас ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.
Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды.
Бүгінгі кешіміздің қонақтары ардагер ұстаздарымыз Анатолий ағайды және де Құрманкүл апайымызды ортаға шақырамыз! Қошеметтеп қарсы алайық!
2 - жүргізуші:
Қадірлі ардагер - ұстаздар!
Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.
Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Біз, сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз, тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп өсіргендіктеріңіз үшін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін терең алғысымызды білдіреміз.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз ұзағынан болғай!
Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар.
Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілей отырып келесі әнді өздеріңізге арналады.
«ұстазым» әні орындайтын Мақсатұлы Нұрзат.
2 - жүргізуші:
Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән - күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар.
Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі.
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері бүгінде бірыңғай стандартты нұсқалар шеңберінде қалып қоймай, дәстүрлі үлгілер түрінде жандана, жалғасын тауып әрі қарай дами түседі. Қазақтың дәстүрлі ән айту өнерінің қазақстанның әр өлкелерінде өз ерекшеліктерімен әр түрлі болып келеді.
Келесі кезекте Нұрмағамбеттің термесі «асыл ер өзін биік санамайды» орын. Сәндібай айдын.
1 - жүргізуші:
Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте - бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады.
Құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға «Махамбеттің термесі» орындайтын Мақсатұлы Нұрзат.
1 - жүргізуші:
Қазақ халқы үшін домбыра аспабының орны ерекше. Домбыра аспабы қазақты нағыз қазақ екеніне көз жеткізеді.
Домбыра күйлерін бізге жеткізген көптеген күйшілер баршылық, олар күй атасы Құрманғазы, Дина, Даулеткерей және тағы басқалары.
2 - жүргізуші:
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй - қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар..
Келесі кезекте алдарыңызда өрен көрсететін мектебіміздің жас ұстаздары Абишева Сая және Жұмахан Жадыра
1 - жүргізуші:
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.