Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сөз тіркестерін құрастыру

Oinet.kz 06-10-2019 951

Қазақ тілі сабағы “Көктем”

  oquzaman  0 Comments 

Қазақ тілі мұғалімі Аманжолова Рахия Ғазизқызы

Петропавл қ.

«№42 орта мектеп» КММ

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Етістіктің шақтары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сауаттылыққа, білімділікке үйрету, алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Көктем туралы алған білімдерін жинақтай отырып, сөйлеу әрекетін дамыту,сөздік қорларын молайту.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.

ТӘРБИЕЛІК: Қазақ тіліне деген  сүйіспеншілігін арттыру,Отаншылдыққа, адамгершілікке,туған жерін, тілін сүюге тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға, аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жеке – топтық жұмыс, суретпен жұмыс

Көрнекілігі:жаңа сөздер, тірек- сызба, кәртішкелер, көктем туралы суреттер.

Эпиграфы:

Көктем қандай көңілді!

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

(С.Жиенбаев)

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру :а) Сәлемдесу ә)әнұранды айту

б)сыныпты түгендеу

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

а) көктемгі ауа райы

3.Жаңа сабақ  а) Кіріспе

ә)сабақтың барысын, мақсатын айту.

1.Дидактикалық кезең: Ой қозғау.

Міндеті:Оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру,белсенділігін, білімге деген құштарлығын арттыру,жұмбақ шешу арқылы сабақты ашу.

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ айтамын, ал сендер шешуін табыңдар.

Қар еріп су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып жылиды

Бұл қай кезде болады?

( Көктемде )

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл көктемде болады. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :

Көктем.

Грамматикалық тақырып:Етістіктің шақтары

  • Көктем дегенде сендердің ойларыңа не келеді ?

  • Балалар өз ойларын айтады.

Екінші дидактикалық кезең.

Міндеті:

Біздің бүгінгі сабақта қойған негізгі мақсатымыз:

1)Көктем туралы алған білімдерімізді жинақтай отырып ойымызды жүйелеп айту.

2)Сөйлеу әрекетімізді дамыту.

3)Сөздік қорын молайту.

4)Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру

–   Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – Саяхат сабағы.

–   Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек ?

–    Карта.

–    Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып

беремін.

Саяхат картасы

3 )Сөздік алқабы.                                              4)Сөйлем көлі.

Жаңа сөздер.                                                           Сурет бойынша әңгіме

2) « Сөз сыры » мұражайы.                                5) Грамматика тауы.

Айлардың шығу тарихы.                                           1.тақтамен жұмыс.

2.жазба жұмыс.

1)Әңгімелесу тобы.                                             6) Сөзжұмбақ шешу.

Сұрақ – жауап.                                                        «Көктемде»

Үшінші дидактикалық кезең:

Сөйлеу әрекетін дамыту.

1-ші аялдамамыз.

I.Әңгімелесу тобы (сұрақ – жауап)

  • Мен қазір сұрақ қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.

  • Қазір қандай мезгіл ?

  • Көктем айлары қандай ?

  • Көктемде ауа райы қандай болады ?

  • Бүгін ауа райы қандай ?

  • Құстар қайдан ұшып келеді ?

  • Көктемнің бірінші гүлі қандай гүл ?

  • Көктемде қандай мерекелер бар ?

Төртінші дидактикалық кезең:

2.Біздің келесі аялдамамыз  « Сөз сыры » мұражайы. Айлардың шығу тарихы (топпен жұмыс)

  • Балалар, әр айдың өзінің шығу тарихы бар. Көктем айларының тарихы нені білдіреді ?

  • Наурыз – көктемнің бірінші айы. Парсыша «нау»-жаңа, «руз»-жыл деген сөзді білдіреді. Оны халық « Ұлыстың ұлы күні » дейді, құрметтейді.

Сәуір – көктемнің екінші айы. Бұл айда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. «Сәуір болмай, тәуір болмас » деген мақал бар.

Мамыр – көктемнің үшінші айы. Бұл айда құстар ұя салып, балапан

шығарады. Мамыр тоқшылық деген ұғымды білдіреді.

Бесінші дидактикалық кезең.

Міндеті:сөздік қорын байыту сөйлеу әрекетін дамыту.

3.Сөздік алқабы:

1)Жаңа сөздер:отырғызу, өсіру, жеміс ағаштары, ағаш, жер жырту, сенбілік, егін ,

егу.

2)Өтілген сөздердің мағыналарын түсіндіру.

3)Дұрыс айтуға дағдыландыру.

  • Дауыстап мәнерлеп оқу.

  • Тізбектеп оқу.

  • Сөз тіркесін құрастыру.

4)Сөйлем құрастыру.

Мен кеше ағаш отырғыздым.

Сенбі күні біз сенбілікке шығамыз.

Тракторшы жер жыртып жүр.

Алтыншы дидактикалық кезең.

Міндеті:топпен жұмыс жасай білуге баулу,берілген тақырып бойынша әңгімелей білуге жаттықтыру.

4.Сөйлем көлі. Сурет бойынша әңгіме.(топпен жұмыс)

  • Көктемгі айлар.

  • Жыл мезгілдері.

  • Көктемгі жұмыс.


Жетінші дидактикалық кезең.

Міндеті:Етістіктерді үш жақта жіктей білуге төсілдіру.

5.Грамматика тауы (етістіктің шақтары)

1)Тақтамен жұмыс.

Сурет салу.

Нақ осы шақ                                Өткен шақ                            Келер шақ

  1. Мен сурет салып отырмын Мен сурет салдым        Мен сурет саламын

II.Сен сурет салып отырсың         Сен сурет салдың           Сен сурет саласың

Сіз сурет салып отырсыз           Сіз сурет салдыңыз        Сіз сурет саласыз

III.Ол сурет салып отыр                 Ол сурет салды              Ол сурет салады

2)Тапсырмаларды орындау.

1 – тап.Мәтіндегі  етістіктерді ауыспалы келер шаққа қойып жазыңдар.

келді – кел+е+ді

бастады – баста+й+ды

еріді – ер+й+ді

жүре бастады – жүре баста+й+ды

көтерілді – көтеріл+е+ді

пайда болды – пайда бол+а+ды

2 – тап. Кестеде берілген етістіктерді 3 жаққа қойып жаз.

келу – келіп тұр – келді – келеді

бастау – бастап отыр – бастады – бастайды

жылыну – жылынып тұр – жылынды – жылынады

бару – барып отыр – барды – барады

істеу – істеп отыр – істеді – істейді

жазу – жазып отыр – жазды – жазады

Сегізінші дидактикалық кезең.

Міндеті:сұрақ – жауап арқылы түсініп ,дұрыс орындауға жаттықтыру.

6.Сөзжұмбақ шешу. Көктемде»

1)көктемде не ұзарады?

2)Бақта не өседі?

3)Жаздан кейін қай жыл мезгілі?

4)Құс.

5)Сәуір айы тағы қалай аталады?

6)Көктем мезгілінің соңғы айы?

7)Наурызда адам не тілейді?

8)Мейрамды адамдар қалай тойлайды? Не айтады?

 

Тоғызыншы дидактикалық кезең.

Сабақты қорыту. Топтастыру.

Міндеті: Тірек – сызба арқылы көктем туралы білімдерін қайталап,топтастыру,қорытындылай білу.

Етістіктің шақтары туралы білімдерін қайталап,жүйелеу.

 

1)Новый рисунок (8)

2)Етістіктің шақтарын қайталау.

Нақ осы шақ                             Жедел өткен шақ           Ауыспалы келер шақ

негіз + -ып, -іп, -п, -а,-е,               негіз – -ды, -ді, -ты, -ті         негіз + -а, -е,-й + ж.ж.

-й + тұр, жүр, отыр, жатыр             + т.ж.

+ ж.ж.

8.Үйге тапсырма:Етістіктің шақтарын білу.

Көктем тақырыбына шығарма жазу.

9.Оқушыларды бағалау, мадақтау.


Сценарий. 8 наурыз. «Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы»
Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сөйлем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу