Әңгіме: Кедей мен данышпан

Oinet.kz 06-09-2020 905

Бір күні жоқшылықтан жадап - жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:

Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп налиды.

1601836216_kedei_danyshpan.jpg

Данышпан оған:

Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, - деп жауап береді.

Бұл жауапқа таң қалған кедей:

Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? – дейді. Сонда қария: Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін 5 қабілетің бар. Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, - дейді.

Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұрайды. Сонда данышпан:

Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Алла қаласа, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;

Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;

Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше, адамдардан жақсы сөзіңді аяма;

Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен, жан - тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға жаса;

Бесінші, аяқ - қолың сау. Ендеше, денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, - дейді.

Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады. Иә, адамды бай қылатын - дүние - мүлкі мен ақшасы емес, қардай аппақ пейілі мен адал, аппақ көңілі!


Әңгіме. Қыпшақ Сейтқұл
Әңгіме: Қарбызды жаз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу