Ертегі. Малды пайдаға жарату

Oinet.kz 06-10-2017 989

image.png

Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрапты: - Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді? – деді. Үйші айтты: - Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімді өсімге беремін. Көрші: - Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? – деді. Үйші айтты: - Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе, - деді.

Бата беру дәстүрі қайдан шықты?
Әңгіме. Қыпшақ Сейтқұл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу