Ертегі. Қараторғай

Oinet.kz 06-10-2017 1510

image.png

Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп, қар еріп жатыр. Күнгей жақ алатегенек бола бастады. Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар отағасы бірдеңе істеп жатыр. Қасында қамалап балалар жүр. - Ата, не істеп жатырсыз? - Қонағыма үй істеп жатырмын. - Қонағыңыз қандай? - Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай... – деп қарт жымияды.

Қарттың сөзіне түсіне алмай, балалар тұрып-тұрып таласты. Қар кетті. Күн шықты. Күн майдай. Мінеки уыстаған тас. Тай шоғырмақталып бір топ қараторғай ұшып келе жатыр. Ауылдың үстіне келіп жарқ беріп бұрылды, олай-бұлай айналды дасау етті.

Биік сырғауылдың басында Қамекеуінің істеген кішкене үйшігі қалқиып тұр. Қараторғайлар ұшып ауылға келді. Біреуі барып үйшіктің басына қонды. Жан-жағына жалтақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінен ішіне кіріп кетті.

Өзге торғайлар да ағаштың басынан орын алып, ұшып-қонып жүр.

Бауда, көк шөптің арасында жыбырлап қоңыздар жүр еді. Қараторғайлар ағаштан түсе-түсе қалып, қоңыздарды теріп жей бастады. Қаужанып алып, шалшықтан су ішіп, демалуға ағаш басына барып қонысты. Тынығып алғасын, ән салысты.

Манағы үйшікке кірген торғай сонда мекендеп алды. Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса, қараторғайы шегіртке қырады.

Құрт, қоңыз, шегіртке, инелік, маса-шыбын – бәрі де егіннің жауы ғой. Сол жаулардың бәрін қараторғай құртады. Қараторғайдың пайдасы санап бітіргісіз.

Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дегені сол қараторғай екен.

Ертегі. Тышқан мен жылан
Ертегі. Үш ұры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу