Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Аудан | Мектеп: Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектеп | |||||
Күні: 5.04.19 | Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенов Асет Жанбырович | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Фигураның ауданы және оның қасиеттері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты | 8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу;
| |||||
Сабақ мақсаттары | - тең шамалас, тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу, оларды ажырата алу - тең шамалас, тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын есептер шығаруда қолдану | |||||
Бағалау критерийлері | - тең шамалы және тең құрамды фигуралардың аықтамаларын біледі және ажырата біледі, - тең шамалас, тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын есептер шығаруда қолданады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың аықтамаларын тұжырымдайды; Пәнге тән лексика мен терминология: -шама, өлшем бірліктері; - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас, тең фигуралар; - тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - квадрат диагоналі квадратты тең шамалас ... бөліңдер. - үшбұрыш медианасы үшбұрышты тең шамалас … бөледі. - Көпбұрыш ауданы дегеніміз фигураның бірлік шаршыдан неше есе ... көрсететін сан | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Жалпыға бірдей еңбек қоғам: топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке-жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Алгебрамен байланыс. Практикалық есептер арқылы шынайы өмірмен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | Квадрат және ұзындық өлшем бірліктері. Тіктөртбұрыштың, шаршының аудандары | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру кезеңі. - Сыныппен амандасып жағымды көңіл-күй қалыптастыру. - Сыныпта жағымды көңіл-күй тудыру үшін «атомдар мен молекулалар» тренингі жүргізіледі. Оқушылар атомдар мен молекулалар тәрізді қозғалып әуенге билейді. Осы сәтте мұғалім оқушыларды 6 адамнан бірігіп қалу керектігін айтып, сыныпты топқа бөледі. I-топ. Шаршы II-топ. Төртбұрыш III-топ. Үшбұрыш Топбасшы тағайындау. Барлық оқушыларға бағалау парағын тарату. - Оқушылар топтарға бөлінгеннен кейін үй жұмысын «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы тексеріледі. Ауызша мадақтау жүргізіледі. - Тақтаға күннің жады жазылып, оқу мақсатын ашуға нұсқау беремін. Ширату. - Оқушылардан «Ауданның өлшем бірліктері» тақырыбын ауызша сұрақтар арқылы пысықтау: 1. Ауданды өлшеудің негізгі өлшем бірлігі.... (м2) 2. Ауданды өлшеудің қандай өлшем бірліктері қолдалынады 3. Жер телімін өлшеудің қандай бірліктерін қолданамыз (ар, гектар) 4. Тіктөртбұрыштың, шаршының ауданы формуласын жазыңыз. | Аудиожазба
| ||||
| ||||||
Сабақтың ортасы
| Топтық жұмыс Оқу мақсатын ашу үшін: оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, ережелермен танысқаннан кейін, төмендегі тапсырмаларды топпен талдайды. 1-топ Шаршы 2-топ Төртбұрыш 3-топ Үшбұрыш
1. фигуралардың аудандарын салыстырады. 2. Тең шамалас және тең құрамдас болатынын анықтайды. 3. Қорытынды жасайды.
1) Оқушыларды аудан тақырыбымен таныстыру Кесіндінің ұзындығы кейбір стандартты масштаптар үшін қажетті ұзындықтың өлшем бірлігі қызметін атқарады. (мысалы, 1 км-ді біз 1 см деп алуымыз мүмкін, т.с.с). Кесіндінің ұзындығы - оның сызықтық созылуының өлшемі болып табылады. Жазық фигураларға тән ұғым ол аудан. Ауданның өлшем бірлігі ретінде қабырғасы ұзындықтың өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы алынады. Демек, аудан ұғымында сантиметр квадрат деген өлшем бірлікті пайдаланамыз. Екі кесіндінің теңдігі дегеніміз осы екі кесіндінің ұзындықтарының теңдігінен шығады. Екі бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері тең болса, онда бұл екі бұрышты тең дейміз. Ал аудандарды өлшеу барысындағы қиындық сол – кейбір бір-біріне мүлдем ұқсамайтын және тең емес фигуралардың аудандары тең болуы мүмкін, немесе біз білетін «тең шамалы» болатын жағдайлар кездеседі. Мысалы, төмендегі екі фигура тең шамалас. Сонымен қатар, шаршының ауданы екі үшбұрыштың ауданына тең екенін, және суреттегі екі үшбұрыш арқылы шаршыны жасап шығуға болатындығын аңғаруға болады. Анықтама. Егер фигуралар бірдей тең бөліктерге бөлінген болса, онда мұндай фигуралар тең құрамдас фигуралар деп аталады.
Жалпы, фигура ауданы ұғымын қатаң математикалық түрде төмендегі аксиомалардан алуға болады: 2. Егер фигура қандай да бір сызықпен екі басқа фигураларға бөлінсе, онда берілген фигураның ауданы осы бөліктердің аудандарының қосындысына тең. 3. Қабырғасы бір өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1 - ге тең. Әрине, бұл аксиомалар аудан ұғымың көрнекілігінен шығатын қарапайым қасиеттер және олар фигура ауданын өлшеу процесін анықтайды. Осы аксиомалардан мынандай салдарлар шығады. Салдар 2. Тең құрамды фигуралардың аудандары да тең болады. Салдар 3. Аудандары тең фигуралардың барлығы тең құрамды бола алмайды. | Қағаз, бояу карандаштары, қайшы, сызғыш
| ||||
Топтық жұмыс. Ой қорыту сәті Әр топқа алдын ала есеп шарттары жазылған парақтар таратылады. Әр топ берілген тапсырмаларды орындағаннан кейін, джигсо әдісі бойынша топ басшылары келесі топтарға барып, жауаптарын түсіндіріп, ақпарат алмасады. Тапсырма. 1-топ Шаршы N, E, L және K нүктелері – ABCD тіктөртбұрышының сәйкесінше AB, AD, BC және CD қабырғаларының орталары болады. 1. үшбұрышының ауданы ABCD тіктөртбұрышының ауданының қандай бөлігіне тең болады? 2. үшбұрышының ауданы ABCD тіктөртбұрышының ауданының қандай бөлігіне тең болады?
2-топ Төртбұрыш N, E, L және K нүктелері – ABCD тіктөртбұрышының сәйкесінше AB, AD, BC және CD қабырғаларының орталары болады. 1. төртбұрышының ауданы ABCD тіктөртбұрышының ауданының қандай бөлігіне тең болады? 2. бесбұрышының ауданы ABCD тіктөртбұрышының ауданының қандай бөлігіне тең болады?
3-топ Үшбұрыш N, E, L және K нүктелері – ABCD тіктөртбұрышының сәйкесінше AB, AD, BC және CD қабырғаларының орталары болады. 1. төртбұрышының ауданы ABCD тіктөртбұрышының ауданының қандай бөлігіне тең болады? 2. үшбұрышының ауданы ABCD тіктөртбұрышының ауданының қандай бөлігіне тең болады?
Дескриптор: 1 Тең шамалас фигуралардың аудандарын ажырата алады 2 Фигураны құрамдас бөліктерге бөле алады 3 Аудандарды салыстыра біледі және жауабын жазу Топтағы қатар отырған оқушыллар бірін-бірі бағалайды. | Презентация
Қосымша 1 | |||||
Жұптық жұмыс: Оқушыларға әртүрлі формада кесілген бірнеше шаблондар алдын ала таратылады. Әртүрлі формада кесілген бірнеше шаблондардан квадраттар мен параллелограмм құрастырады.
Дескриптор: 1. Квадрат құрастырады 2. Параллелограмм құрастырады | ||||||
Саралау тапсырмасы Оқушыларға алған білімдерін толықтыру үшін жұппен жұмыс ұсынамыз. Есеп. Берілген фигуралардан: 1) тең құрамдас, 2) тең шамалас 3) тең фигураларды табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- тең шамалас фигураларды көрсетеді; - тең құрамдас фигураларды көрсетеді; - тең фигураларды табады. |
| |||||
Сабақтың соңы
| Бағалау: Оқушлар сабақ барысында жинаған балдарының жиынтығын есептейді. Кері байланыс: Оқу барысында 10-13 ұпай алған оқушыларды «өте жақсы» алдағы уақытта да осылай дайындалып жүр. Оқу барысында 6-9 ұпай алған оқушыларды «жақсы» дайындықты әлі де жақсартқаның жөн. Оқу барысында 1-5 ұпай алған оқушыларды «жарайсың» үйге барғасын оқулықпен көп жұмыс жасаған дұрыс деп ойлаймын. Рефлексия жүргізеді: - тең шамалы және тең құрамды фигуралардың анықтамаларын білдім және есептер шығаруда қолдануды үйрендім - тең шамалас, тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын есептер шығаруда қолдануда қиналамын, - тең шамалас, тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын түсінуді және есептер шығаруда қолдануды оқып үйренуді жалғастыру қажет деп ойлаймын Үй тапсырмасы: §19. Фигураның ауданы және оның қасиеттері тақырыбының «В» деңгейіндегі кітаптағы есептерді шығару. № 10, 11 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сабақта оқушылардың топтарын құрастыру барысында әрдеңгейлі топтар құрылды. Топтағы оқушылар кім қай тапсырманы орындайтындығын өздері шешеді. | Топтық жұмыс барысында оқушылардың танымал формулаларды қаншалықты түсініп, оны есеп шығаруға және практикалық тапсырмаларды орындауда қолдана алу дағдалары бағаланады. Сонымен қатар оқушылардың бірін бірі және өзін өзі бағалау әдістері қолданылады. | Сабақ барысында топтық жұмыстар кезінде оқушылардың қозғалысы, орын ауыстырулары жоспарланған. Бұл физикалық қозғалыс денсаулыққа оң әсер етеді. Сонымен қатар оқушылардың партада омыртқа жоталарын тік ұстап отыруларын қадағалау. | ||||
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
Жаңа сабақты талдау | Топтық жұмыс | Қима құрастыру | жұппен жұмыс | Саралауға есеп |
Барлығы | |||||
Өте жақсы 3 ұпай | Жақсы 2 ұпай | Орташа 1 ұпай | 1-ші тапсырма 1 ұпай | 2-ші тапсырма 1 ұпай | 1-ші қима 1ұпай | 2-ші қима 1ұпай |
3 ұпай |
3 ұпай | ||
Дескриптор бойынша бағалау
1-5 ұпай жарайсың
6-9 ұпай жақсы
10-13 ұпай өте жақсы