Оноре де Бальзак нақыл сөздері

Oinet.kz 16-08-2020 833

image.png

Асыл iздеген оны сирек табады, есесiне iздемеген ешқашанда таппайды!

***

Мақсатқа жету үшін — жүру керек!

***

Кітап — коллективтік тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын оқыған кісі ұлы өмірлердің жиырмасын бастан кешті деген сөз.

***

Рухында болашаққа ұмтылған жағдайда ғана кітап өміршең болмақ.

***

Пасық адам өте-мөте шебер көлгірсиді.

***

Өзінің осалдығын білген — ең құдіретті кісі.

***

Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.

***

Жұбайлар бір-бірінің мінезін зерттеп білмей некенің бақытты болуы екіталай.

***

Ерте ме, кеш пе — әйтеуір есесі қайтпайтын адал еңбек атымен болмақ емес.

***

Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайды.

***

Махаббатта ең сорлысы — қария.

***

Неке тағдыры алғашқы түннен-ақ шешіледі.

***

Сұрау белгісі (?) – барлық ғылымдар кілті.

***

Ұлт тағдыры – Аналардың қолында!

***

Махаббат – ақымақ үшін ақыл тоқтатуға керемет мүмкіндік.

***

Аузы жабылмайтын адамның ішінде түк те жоқ.

***

Әйелге әмірін жүргізе білген – мемлекетті де басқара алады.

***

Шындық дәмі, ащы бірақ денсаулыққа пайдалы сусынды еске салады.

***

Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз.

***

Әлсіздігін мойындай білген адам - мықты.

***

Әйел мен еркек арасында достық болмайды, көңілдестік болмаса.

***

Ілмектер: әйел мен еркек, қыз бен жігіт туралы нақыл сөз

Махаббат туралы нақыл сөздер
Махаббат туралы қанатты сөздер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу