Кітапхана туралы шығарма
Кітап – рухани досымыз. Мен мектепке алғаш келген кезінде сынып жетекшіміз бізге «кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақалды жаттатқызып, күнде сабақ басталмай жатып осы мақалды қайталатқызатын. Уақыт өте бұл бізде әдетке айналды. Бұл мақалдың мағынасы өте тереңде екен. Білімді адамның өмірге деген көзқарасы мен ұстанымы өзгелерден бөлек өзгеше болады. Өмірде кезігетін кез келген мәселенің жауабын тек кітаптан таба аламыз. Ұлттың өткен тарихы мен өнері жазылған құнды кітаптар әркезде де бағасын жоймай, қадірлі болары анық.
Кеше апайымыз бізді ұлттық кітапханаға алып барды. Мен өмірімде алғаш мұншалықты көп кітаптарды көруім еді. Қатты таң қалдым. Кітапханадан сұраған кез келген кітабынды таба аласын. Сонау бұрынғы заманнан сақталып келе жатқан жәдігер кітаптар мен қазіргі заманғы кітаптардың түр-түрі бар. Мен осынау үлкен кітапхананы көргеніме қатты қуандым. Кітапхананың аурасы өзгеше бөлек болады екен. Кітаптардың ерекше иісі адам жанына өзгеше әсер етіп, бойын балқытып, кітапқа деген қызығушылығын арттыра жөнеледі. Қазақ жазушылары мен әлем жазушыларының әдеби кітаптары, әр саланың өзіндік кітаптары, бұрынғы заманғы халық жыр-дастандары, балаларға арналған сан қилы ертегілердің жиынтығы сынды кітаптардың түр-түрімен таныстық. Әр кітап – өзінше бір жұмбақ. Іші толы білім мен сыр. Кітап оқу арқылы біздің ойлау жүйеміз өзгеріп, сөздік қорымыз артып, сөйлеу мәдениетіміз өсері рас. Кітаптар ордасынан алған әсерімді жеткізу әсте мүмкін емес. Бұл біз үшін кітаптар әлеміне жасаған алғашқы саяхатымыз еді. Кітапхананы көру арқылы бәріміздің кітапқа деген қызығушылығымыз артып, бүгіннен қалмай кітап оқуды қолға алдық. Мен өзім кітапханашы апайларға қатты қызықтым. Мол қазынаның – кітаптардың ортасында отырады. Қалаған кітабың алып оқып, білімін күнделікті арттырып, қуанышты өмір сүреді. Мен өскенде кітапханашы боламын деп шештім.