Келіндерінің арам пиғылын сезіп, қызының қадірін түсінген бай әке

Oinet.kz 06-04-2024 3148

Бір күні бір ауданның әкімі қатты ауырып емханаға түседі. Оның артынан қымбат көлік мінген адамдар жақсы тамақтар алып келіп хәлін сұрап келіп жатыр. 

Screenshot_6.jpg

Бір күні үстіне ескі киім киген бір шал хәлін сұрауға келеді. Әкім орнынан тұрып құшақтап көріседі. Алып келген сорпасын дәмді болыпты деп рахаттана ішеді. Кетерінде сөмкесіне түрлі-түрлі тағамнан салып жолға дейін шығарып салыпты. 

Оны көрген бас дәрігер:

- Əкім мырза сізге қымбат көлік мінген адамдар келіп хәліңізді сұрайды. Сіз тіпті орныңыздан тұрмай көз қырыңызбен амандасасыз. Әкелген тағамдарында жемейсіз. Ал мына келген шалдың тамағын жеп, тіпті жолға дейін шығарып салдыңыз. Неге? - деп сұрайды. 

Сонда әкім:

- Менің бес ұл, жалғыз қызым бар. Келіп кеткен байлардың қыздары менің үйімде келін. Ал менің қызым осы шалдың келіні. Сондықтанда ол қандай тағам алып келсе де мақтап ішемін, - деген екен.

Сұлу әйелді кездесуге шақырған сараң еркек
Күйеуі мен енесінен әбден таяқ жеп төркініне кеткен келіншекті қайтарған бір ауыз сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу