Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кеше Киакүлім екеуміз біраз сырластық.
— Киеке, айтшы ең алғаш кіммен болғаның есің де ме?
— Қызғанбайсың ба?
— Жоқ, айта бер, соқпаймын.
— Мені алған алғашқы ғашығыма пәк болып келдім ғой. Сендерше шытырлағымен дейді екен. Салоннан шыққан бойым. Бір орыс үйіне әкелгеннен соң пляжға апарып, асықпай жуындырды.
Мінуге асықпады. Содан бір айдай ешкімге көрсетпей өзі мініп, айдап жүрді. Қызғаншақ еді. Мен де жас едім. Үстіме мінсе болды, сылаң қағып шыға келем.
— Неше жыл отастыңдар... ой, неше жыл айдады?
— 5-6 жылдай айдады?
— Сосын?
— Әлі де айдайтын еді, бір қазақ келіп басын айналдырды ғой. Осы қазақтар деген алған нәрсесін алмай қоймайтын бәле екен. Қызыққан нәрсесін мінуге құмартып тұрады.
— Біздің елге қалай келдің?
— Келейін деп келдім бе? Шоқалақ, балшық жолды көрейін деп келдім бе? Бір мес қарын қазақ оншақтымызды тізіп қойып сатып әкетті ғой.
— Мұнда қашан келдің?
— Уже 3-4 жыл болыпты-ау. Білмеймін мында келгеннен соң памитті жоғалттық қой.
— Неге?
— Мені мінбеген адам қалмады. Әркім келіп бір айдап кетеді. Сосын орыстардай емес, қазақтар мақтанып әркімге көрсете береді екен. Әркім кеп айдай бергесін астымыз шаршап жүр қазір.
— Мен нешіншісімін?
— Сіз Қазақстанға келгелі он бірінші адамсыз. Алғаныңа ай болған жоқ. 4-5 досың мініп, айдап кетті уже.
— Тағдыр ғой. Жә, Киеке, айтшы ең бірінші қожайының есіңде ме, адресі керек еді.
— Мәә, сен де қайдағы жоқты сұрадың ғой. Өліп қалмаса... Москваны көрмегелі қай заман...
— Дұға етейікші....
— Не үшін?
— Сол, сен сол кісіде некеде тұрған көрінесің әлі. Заңды түрде ажырамағансыңдар.
— О, Боже, сонда да бізді алып кеттіңдер да? Ужаассс...
— Общым ол жақта не бүлдірдіңдер?
— Ол жақта көп ештеңе бүлінген жоқ, мына жаққа келгеннен кейін ғой, штрафтан көз ашпадық. Жолдарың ойқы-шойқы болса да, камераларың мінсіз екен. Бізде керісінше.
— Әә, онда бопты... Енді сен қазақтың киелі келіні.... орыстың емес қазақтың киасы боласың. Мен сені сатпаймын. Аққуды атпа, Кианы сатпа, киесі болады дейді қазақ.
— Ой сенбейм, сендер киесімен қосып сатып жібересіңдер, білем ғой...
—.....
Менен жауап болмағасын Киакүлім ауыр күрсініп алып тынышталып қалды. Артқы есігін жауып жатып жамбасын бір сипап өттім. Жарықтық, ақша салсаң әйел сияқты бұл да құлпырып шыға келеді.
Сенің де қалың малың арзан болмайын деп тұр.
Қазақстандық өмірің мен нөмірің үшін 217 мың теңге төлеуім керек.
Ал егер учетта тұрсаң оны шешудің де ставкасы қойылып, шабашкасы басталып кетті. Ол 150 мың теңге.
Запрет болсаң 200 мың теңгеге шығарып алуға болады. Общым біздің қазақтың шешпейтін проблемасы бар ма? Шешу үшін жүр ғой бәрі.
Самат Нарегеев