Әкімге «адам болмайсың» деп бұрылып шығып кеткен қойшы

Oinet.kz 31-05-2023 3132

Бір Әке баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп «Әй, сен адам болмассың!» – деп ұрса беретін көрінеді. Әкесінің қайталап айта беретін әлгі сөзіне іштей ерегескен Баласы бар ынтасын оқуға салып, өскенде үлкен бір ауданға әкім болуға жарапты.

Screenshot_13.jpg

Әкемнің аузына енді құм құйылар деп ойлаған Баласы креслода шалқайып-шалқып отырған күйі қызметкерлеріне ауылдағы әкесін алдына алып келуді бұйырыпты. Әкімнің бір сөзін екі етпестен жіберген қызметкерлері жайбарақат бес қойын жайып жүрген шалды әй-шайға қаратпай дедектетіп қалаға ала жөнеліпті. «Әкімге апарамыз!»,-деп қорқытқанға есі шыққан қарт креслода шәнтиіп отырған өз баласын көргенде ғана жүрегі орнына түсіпті.

Аяғын бір-біріне айқастырып, алақандарын қозы қарнының үстіне салып ырс-ырс етіп дем ала алмай отырған Баласы Әкесіне қарап миығынан күле:

– Әке, баяғыда маған «адам болмайсың» деп ұрса беретін едің, енді ол ойыңнан еріксіз қайтқан боларсың. Адам болмайды деген ұлың анау-мынау емес, үлкен әкім болдым емес пе?! – депті.

Сонда Әкесі баласының мына қылығына тағы да күйініп:

– Әй, балам, мен саған «әкім болмайсың» деп емес, «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Сен әкім болсаң да, әлі адам бола алмапсың. Егер адам болсаң әкеңді дедектетіп алдыңа келтірмей, өзің іздеп келіп амандасар едің. Сыйлайтын едің. Адам болу бір басқа, әкім болу бір басқа. Мен саған сондықтан «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Әкім болуды адам болдым деп ұқсаң, сен әлі шикісің, балам, – деп бұрылып шығып кеткен екен.

Желіден алынды

Әйелімнің қарсы болғанына қарамай, тоқалыммен таныстырып ем, әйелім мойныма асыла кетті
Мастанған байды орнына қойған қаршадай бала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу