200 шақырымға екі аттап жететін Ыбырай диуана

Oinet.kz 01-07-2022 1266

– Ыбырай диуананың өзi – отбасылы болған адам, үш қызы бар едi, қазiр екi қызынан ұрпақ бар. Соғыстың жүрiп жатқан уағында бiздiң әкей жасы келiп қалған кiсi, бiрақ ер-азаматтың жоқтығынан Белағаш колхозына басқарма қылып сайлап, сол жерге көшiп келдiк.

Screenshot_3.jpg

Ол кезде Белағаш пен Бiрiншi май – екi колхозға бiр ауылдық совет. Және соғыс уағының заңы қатал, пошта ауылға күнбе-күн жетiп тұруы керек. Белағаштан шығып, Бiрiншi майды басып жүргенде, аудан орталығы Баянға дейiн 100 шақырым жер. Таңғы намазын оқып ауылдан шығып кеткен диуана сәске түс болмай аудан орталығы Баянға жетiп, ол жерден поштасын алып, түс ауа Белағашқа қайтып оралады. Күнiне 200 шақырым жер жүру деген белi берiк мақтаулы атыңның өзiне сын. Осыған таң болған ауыл адамдары, әсiресе өзiнiң туыс-туғандарының балалары кей уақта диуананың соңынан аңдып бiрге шығады екен. 

Аса таяғын ұстап, қоржынын иығына асқан ол “Алла хақ!” деп қойып, ақырын бүлкектеп қырдан асып кете барады. Соңынан iле шыққандар жаңағы дөңге көтерiлсе, диуана iзiм-қайым жоқ. Аспанға ұшты ма, жер жұтты ма, оны ешкiм бiлмейдi. Қыстың күндерi де соңынан бiрге шығып аңдып көредi, сонда ақ қардың үстiнде әр жерден бiр түскен табанының iзiн ғана көредi, - деп әңгімелейді ол туралы Баянауыл ауданы Күркелі ауылының тұрғыны, шежіреші қарт Нығмет Жәмінов. – Ол кезде ойын баласымыз, әлi есiмде, жаз болса ақ көйлек-дамбал, қыста шекпен киетiн диуана қыр асып аудан жақтан келе жатқанда, бiр топ бала “уралап” алдынан шығамыз. Ол заманда ас тұзы қат болатын. Әйелдер жағы Ыбекеңе тұз, басқадай керек-жарағын қосып жатады. Соның бәрiн ерiнбей жинап-терiп алып келетiн. Бiрде Бiрiншi май колхозының төрағасы ауданға кетiп бара жатқан диуанаға: “Сырқаты бар бiр туысыма бұлауға түсуге қажет едi, жарты қап сұлы ала кетiңiзшi”, – дептi. “Жарайды, қарағым” деп сөзге келмеген ол қапты иығына салып алып, жортып жүре бередi. 

Дегенмен диуана қыр асып кеткесiн әлгi адам әрi-берi ойланып, “қой, жаяу жүрген адамға сұлы арқалатқаным дұрыс болмас, өзiм жеткiзiп берейiн” деп, жақсы бiр атқа мiнiп, соңынан қуа шығады. Қырға көтерiлсе, диуана көрiнбейдi. Жарты жолға барады – жоқ. Осы кiсi адасып кеткен жоқ па деп, артына бұрылып та қарайды, көрiнбейдi. Ақыры Баяндағы туысының үйiне барса, диуана сол жерден шайын iшiп болып, шығып келедi екен. Жарты қап сұлының шамамен 25-30 келi салмағы бар десек, ол жаяу адамға аз жүк емес. Сонда Ыбырай диуана оны 100 шақырым жерге бiрер сағаттың iшiнде қалай жеткiздi, аспанмен ұшып барды ма, оны қолдап жүрген қандай белгiсiз күш, ол жағы жұмбақ.

Алаш айнасы

Мұқағали қатты қорыққан қорқынышты түн
Әскери бөлімді қазақша сөйлеткен үш қазақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу