Берияның «бақыты»

Oinet.kz 12-01-2020 556

Берия.png

1949 жылы 29 тамызда Семей полигонында атом бомбасы сынақтан өткізілді. Берия жетекшілік еткен топ бункерден қара жерді солқ еткізген жойқын жарылысты бақылап тұрды. Олардың әрқайсысы «жарылыс бола ма, болмай қала ма?» деген күдікті ойда болатын. Жарылыс болып, қара дауыл көтерілген кезде Берия өзін ұстай алмай бункердің есігін ашып жіберіп, қою қара түтіннің аспанға саңырауқұлақтанып көтеріліп бара жатқанына бір сәт қызыға қарап қалды. Сол сәтте жас ғалым Юлий Харитон енді кешіксе толқынның жойқын соққысына тап болатынын біліп, қас-қағым сәтте оны ішке кіргізіп, есікті жауып үлгерді. Берияның сол күнгі қуанышын көз көргендер айтып жеткізе алмады. Осы сынақ үшін Берияға КСРО-ның құрметті азаматы атағы берілді. Көп ұзамай-ақ «Атом қуатын игерудегі өндірісті ұйымдастыруда және атом қаруын ойдағыдай сынақтан өткізгені үшін» Сталиндік сыйлық алды.

Аян Қажыбай парақшасынан алынды 

Мегрель ұлысының лексикасындағы «казах» сөзі
Қазақтың ерте заманғы өлшем бірліктері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу