Айтқан сөзің анық, жамандыққа жолың жабық болсын

Oinet.kz 01-01-2021 980

image.png

Ұлым, Атқамінерім! Өмірде бақытты бол. Жүзің күлкіге, тұла бойың жақсылықтарға толы болсын. Тіл-көзден сақтап, аман- есен қуанышты күндерді отбасымен, бауырларыңмен, ағайын- туыс болып бірге көруге Алла нәсіп етсін. Жүрегіңде күмәнің емес, иманың мол болсын. Еліңе адал, адамзатқа қамқор, достарыңа сыйлы болатындай салиқалы ер азамат бол.

Жақсының көңілін қалдырма, жаманның сөзін көңіліңе алма. Өзіңнен кішілер сені үлгі тұтатындай, атаның емес адамның баласы болып өс. Айтқан сөзің анық, жамандыққа жолың жабық болсын. Көркіңнен нұр шашып тұратындай, көмек сұрағанға құшағын ашып тұратындай жүрегіңді адалдық паналасын.

Мақтанышым! Өзіңе сенімді бол. Қадамыңды нық басып, алға қойған мақсаттарыңа еш алаңсыз жетуіңе тілектеспін.

Балапаным! Биік ұш, көкке самға.

Белестерді бағындыр, ұмтыл алға.

Жасып қалма еңсеңді биік ұстап,

Арманыңды жалғай біл армандарға.

Бөлтірігім! Қасқырдай болсын қайратың.

Қырандай ұшқыр, арыстандай болсын айбатың.

Күн туса егер, қорғайтын халық намысын,

Жоғары ұста еліңнің сенген байрағын.

Адам бол, Ұлым! Адалдық болсын жолдасың,

Достарың сенің жаманнан болып қалмасын.

Әлсізді көрсең қол ұшын созып, демеу бол,

Көмектесуден қанаттарың талмасын.

Әділет Шахатов

«Оянный Белеттегі» сарбаз туралы әңгіме
Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу