Құмырсқа, көбелек және жылан
Халық атақты сұлтандар мен патшалардың арасындағы ең дана, - деп қадірлеген бір патшадан баласы : Әке, даналықты қайдан алдың ? Қандай кітап оқыдың ? Қандай ұстаз үйретті ? Себебі сенен мирасқа лауазым емес, даналық алғым келеді, - дейді.
Патша:
- Ұлым, қазір сенің оқып жатқан кітаптарды оқимын. Ұстазым да сенің ұстазың сияқты болды. Бірақ бәрі айтатын даналықты құмырсқа, көбелек және жыланнан алдым.
Баласы:
Айтып берші, қалай болды?, - деп сұрайды.
Бас имеген бір елге қарсы соғысқа аттанбақ болдым. Қатты ойландым, назарым жерге түңілген. Соғыс немесе бейбітшілік қайсысын таңдауды білмедім, не жасау керегін шеше алмадым. Сол кезде өзінен жүз есе ауыр келетін жүкті сүйрей алмай, бар күшімен әрекеттенген құмырсқаны көрдім. Құмырсқа жүкті қозғай алмады, тастап кете алмады. Ұзаққа созылды. Сонда : Халқымды, өзімді соғыспен қинап не қылам ?, - деп ойландым. Сосын соғыс болған жоқ. Даналық алудың басқа реті сотта болды. Сот шешім қабылдап, бірақ бәрі менің сөзімді күтіп үндемей отырған. Өзіме дұрыс санаған сөзді айтқым келді. Сол кезде назарым терезенің айнасына соғылып, қанат қаққан көбелекке түсті. Сосын айтқым келген нәрсені айтпадым : Сотта қонақпын. Өздерің шешім қабылдаңдар, - дедім. Сот менің қалауыма емес заңға сәйкес шешім шығарды. Үкім жеңіл болды. Даналық алудың үшінші жолы мені өлтіруге бекінген қылмыскер сарай бағындағы тал артында жасырынып күтіп тұрған екен. Жалғыз серуендеп жүргем, кенеттен аяғымның астынан қара жылан сусып өтті. Артқа қарғып түсіп, сарай қызметшілерін шақырдым. Олар жыланды іздеп, жасырынып тұрған қылмыскерді тауып алды. Ұлым, ақиқат даналық кітапта емес. Ақиқат даналық - Аспан жәрдеміне сену. Жәрдем әрдайым қасымызда - аспанда қалқиды, шөптің бетімен сырғиды... Тек көзің, сезуің және жүрегің оған ашық болса болды.