Алмас Сәдубаев: «WhatsApp-та таралған бала ұрлығы туралы ақпарат жалған»
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «бала ұрланды» деген ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі.
«WhatsApp-та балаларды ұрлауға қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкеспейді. Еліміздің аумағында балаларды ұрлауға қатысты қылмыс тіркелген жоқ. Көпе көрнеу жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» - деді Алмас Сәдубаев.