Кәсіпкерлік қанат жаюда

Oinet.kz 11-06-2024 64

image.png

Кәсіпкерлік – елдің экономикасын алға сүйрейтін негізгі, жетекші салалардың бірі. Түркістан қаласында соңғы жылдары өз бизнесін сәтті жүргізіп отырған тұрғындар саны артып келеді. Олар әр түрлі бағытта еңбек етіп, қаланың әлеуетін арттырып, әрі халыққа түрлі қызметтерді ұсынуда. Мамандардың мәліметінше Түркістан қаласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  өткен жылы 22292 бірлікті құрап, тіисті кезеңмен салыстырғанда өсім 25,5 пайызды құраған. 

Расында халық табысының өсуі үшін көптеген жағдайлар жасалғандықтан қалада кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар саны артып келеді. Кәсіпкерлікті жүргізу үшін өңірде қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Бизнес үшін қаржылай қолдау шаралары қолжетімді. «Бизнестің жолк артасы 2025» және «қарапайым затттар экономикасы» бағдарламалары кәсіпкерлерге айтарлықтай ықпалын тигізіп жатыр. Бұдан басқа жергілікті деңгейде жас кәсіпкерлер стартап жобаларды қолдау үшін қажетті бағдарламалар қабылданған. Мәселен кәсіпкерлер жаңадан құрылған «Атамекен - Түркістан» микроқаржы ұйымы  арқылы жеңілдетілген 6 пайызбен несие ала алады. Бүгінде бұл мүмкіндікті кәсіпкерлер ұтымды пайдаланып 1,8 миллиард теңгегег қаржыланып отыр. 

Осы орайда облыс орталығы Түркістан қаласында кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалар қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жарауда. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес , бөлшек сауда, ауылшаруашылығы саласында көрініс табуда. Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты тиісті сала мамандарының айтуынша өз кәсібін ашамын деушілерге бүгінде мол мүмкіндіктер берілген. Қазіргі таңда қалада өнеркәсіпте, шағын және орта бизнес түрлерінде  түрлі жетістіктерге жетіп жатқан  қала тұрғындары аз емес. 

Соның бірі – Бағдат Исмаханбетова. Ол сұлулық саласын таңдап, қаладағы қыз-келіншектердің әсем де көрікті болуына өз үлесін қосуда. Ол қыз-келіншектердің бет-жүзін әрлеп, қоғамдық орында ханшайымдай жарқырап жүруге күш салады. Яғни, косметология саласын таңдаған. 

- Негізгі оқыған мамандығым практик-психолог. Одан кейін педагог-психолог мамандығы бойынша магистратуралық білім алдым. Мамандық бойынша он жыл көлемінде университетте дәріс бердім. Бос уақыт деген мүлде болмайтын. Айлық-жалақымыз да мардымсыз еді. Бірақ, сол жүрісімде бір ой маза бермейтін маған. Содан шығар, жаңа кәсіпті игеруіме көңілімдегі кірбің түрткі болды деп ойлаймын. Бой жетіп, оң мен солымызды тани бастаған кезден бері бет-жүзімдегі кем-кетіктерден ұялып және соның амалдарын қарастырып жүретінмін. Ол кезде кішкентай сәбиім бар еді, ұйқысыз түндер, стресстік ситуациялар міндетті түрде бетке әсерін тигізбей тұрмайды. Сөйтіп денсаулығыма көңіл бөліп, ел ордасына барғанымда косметологқа да қаралуды жөн санадым. Косметолог қыздың мінсіз бет терісін көргенде таң қалдым. Оның жасы менен үлкен болса да ондай күтім жасалған теріні көрмеппін. Содан бастап теп-тегіс, таза, жарқыраған қысқасы қазіргі терімді армандай бастадым. Қазіргі таңда жасым 39-да. Косметолог-эстетпін. Осындай арманның жетегінде көп курстарға қатысып, бет күтімі марафондарында жүгірдім. Ол кезде Түркістан, Шымкент қалаларында косметологтарды таба алмадым. Семинарлардан сертификаттар жинап, вебинарлардан «Ең мықты» деген білімді қанжығаладым. Осылайша әуелі өзіме тәжірибе жасап көрдім. Жан-жақтан жинаған білімнің бірі нәтижелі келсе, екіншісі қарама қайшы болды. Диллема. Дәл осылай бүкіл жиған-тергенімді сүзгіден өткізіп алдым. Соңында осы саланы ұнатып, маман болдым. Содан бері біртіндеп Кореяның арнайы косметика зауыттарынан қажетті заттар алдырып, сата бастадым. Ешқандай несиесіз, алдын-ала көп көлемде қаражат құймай өз тұтынушыларыма берген тапсырысын орындап отырдым. Кейін тұтынушыларым көбейген соң, бастапқыда қатты сене қоймаған жолдасым кәсібімді қолдап, дүкен ашуымды ұсынды. Тапсырыс берушілер де дүкенге келіп, керек заттарын еркін көріп алғысы келетіндіктерін жеткізді. Нәтижесінде сапалы косметикалар сататын дүкен аштым. Одан кейін өзімнің сұлулық салонымды аштым. Біраз жыл жақсы жұмыс істедік. Аяғымның ауыр болуына байланысты мен салонды жауып, тұтынушыларды үйде қабылдадым, - дейді Бағдат Исмаханбетова. 

«Alageum Electric» - Түркістандағы ірі кәсіпорын
7 жоба іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу