7 жоба іске қосылды

Oinet.kz 19-07-2024 55

image.png

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы екені анық. Осы орайда Түркістан қаласында  былтырғы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 25 845,6 миллион теңгенiң өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 104,7 пайызды құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 

16 469,3  миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 105,0 пайызға, (электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 7 568,2 миллион теңгенi құрап, өсім 16,3 пайызға, сумен жабдықтау 1 784,5 миллион  теңгенi құрап, 12,0 пайызға ) артқан. Салаға жауапты маманжардың дерегінше бүгінгі таңда, 2023 жылы - құны 4,9 миллиард теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылып, 199 адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты.

Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» индустриалды аймақта бүгінде көптеген жобалар жүзеге асқан. Түркістан қаласы одан әрі қарқынды даму болашағы бар Түркістан облысындағы ең дамыған қала болып табылады. Қаланың көліктік қолжетімділігі дамыған автомобиль және темір жол желісімен қамтамасыз етіледі. Қаланың соңғы түрленуі өнеркәсіп пен құрылыс секторларының қарқынды өсуіне ықпал етуде. Бұл өз кезегінде «TURKISTAN» индустриалды аймағының дамуына серпін береді. «TURKISTAN» индустриалды аймағы 2019 жылы құрылып, Түркістан облысының индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясының кеңсесі Түркістан облысы орталығына көшірілді. Бүгінгі таңда Түркістан облысының индустриялық аймақтарының жалпы ауданы 698 гектарды құрайды. 2019 жылдан бері ауқымды шаралар барысында көптеген өзгерістер орын алды. Бүгінде мұнда өнеркәсіп орындарының саны алпыстан асты. Және үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 2021 жылдың жазында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының арнайы Кешенді жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Кешенді жоспарда өңір үшін маңызды шаралар мен жобалар қамтылған. Кешенді жоспар аясында Түркістан қаласын рухани-мәдени орталық ретінде дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа халықаралық әуежай, әкімшілік, іскерлік және мәдени-рухани орталықтар салынды, Б.Саттарханов даңғылы қайта жөнделді, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құрылды. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері Түркістанның ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазіргі Түркістан – Қожа Ахмет Яссауидің әлемге әйгілі кесенесі ғана емес, өңірдің индустриялық-логистикалық орталығы. Жергілікті индустриялық аймақта миллиондаған долларлық өнім айналымы бар ондаған кәсіпорын жұмыс істейді. Жалпы, «TURKISTAN» индустриалды аймағының салалық бағыты өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде. машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, электр энергиясын өндіруге арналған жабдықтар, жиһаз өндірісі, соның ішінде кемінде 500 миллион теңгеге жобалар бар. 

Кәсіпкерлік қанат жаюда
Инвестиция бойынша Түркістан шаһары алдыңғы орында тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу