Құрылыс компаниялары қала көркіне ат салысуда

Oinet.kz 29-05-2024 43

image.png

Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан қаласында бүгінге дейін құырлыс жұмыстары бір күнге де тоқтаған емес. Қайта түлеп, қайта жаңарған шаһардың жаңаша келбеті ашылып келеді. Қалада бұрын-соңды болмаған  ғимараттар мен кеңселер, әлеуметтік нысандар, демалыс орындары, заманауи қонақ үйлер, саябақ секілді көптеген нысандар пайдалануға берілуде. Ең бастысы құрылыс жұмыстары сапалы атқарылуда. Ал оның бірден-бір себебі құрылыс жұмыстарына сапалы, отандық өнімдердің пайдаланылуы. Түркістанның облыс орталығы атануы қаланың келбетіне ғана емес сонымен қатар кәсіпкерлік саласынцң да өркендеуіне жол ашты. Қалада түрлі бағытта қызметкөрсететен, түрлі өнім һнжіретін жеке кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындар көптеп пайда болды. Әсіресе құрылыс заттарын өндіретін кәсіпорындар қала құрылысына дем беруде. 

Киелі өңірде бұл үдеден 8 құрылыс материалдарын өндіретін мекеме шығып жатыр. Қаладағы өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 14  пайызы осы өндіріс орындарына тиесілі. «Түркістанда жасалған» жергілікті өнімді қолдануды жолға қойған компаниялар сапа мен баға үйлесіміне мән беріп отыр.

Бүгінде кірпіш өндіруші «Түркістан трасса» ЖШС-нің өнімдеріне сұраныс жоғары. Шағын зауытта жылына 10 миллион дана кірпіш шығарылады. Кезінде "ОҢТҮСТІК" АИО-нан 88 миллион теңге несие алып, жұмысын ашқан Бегманов Садырхан бүгінде Түркістан жəне Кентау қалаларын сапалы қышпен қамтамасыз етіп отыр.  «Отырар» мөлтек ауданында бой түзеген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бірнеше мердігер мекемелер дәл осы кірпіштерді қолдануда.

«Азрет жол құрылыс» ЖШС  да қала көшелерінің орташа және күрделу жөндеу жұмыстарына өз өнімін ұсынып отыр. Атап айтқанда: арықшалар (лоток , жол бардюрі. 

Қысқаша айтар болсақ, бәрі де Түркістанның әсем қала болып бой көтеруіне өз үлестерін аянбай-ақ қосып отыр. Келер жылдары жергілікті кәсіпкерлер ұсынған материалдардан жасалған ғимараттар қала тұрғындары мен туристерді қабылдап, қызмет көрсететін күн алыс емес.

Түркістанда оң өзгерістер көп
Арнайы экономикалық аймақта құрылыс қызу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу