Шардарада 103 бала тегін сүндеттелді
Шардарада балаларды сүндеттеу акциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде аудандық орталық ауруханасында көп балалы отбасылардың 103 бүлдіршіні тегін сүндеттелді. Аталмыш игі істің өтуіне Шардара аудандық орталық ауруханасы мұрындық болды. Шараның ашылу салтанатында аудандық орталық мешітінің қызметкерлері қатысып, құран оқылды. Мұсылмандық парыздар мен ата-ананың перзенттері алдындағы жауапкершіліктері, ал, перзенттерінің ата-ана алдындағы міндеттері мен парызы жайында ғибратты әңгімелер айтылды. Ұлды сүндеттеудің негізгі қағидаларымен таныстырды.
Аталмыш шараға келген тұрғындардың қарасы қалың. Себебі сүндетке отырғызу әрбір ата-ананың өз еркі болғандықтан ақылы түрде жүргізіледі. Бүгінгі тегін сүндеттеу әлеуметтік аз қамтылған жанұялар үшін таптырмас жағдай. Оташы мамандар жасаған сүндет балаларға жеңіл әрі қолайлы болды. Сондықтан да балалар арасында ауырсыну, өздерін қолайсыз сезіну жағдайлар болған жоқ дейді мамандар. Дәрігерлер ата-аналарға сүндеттеуден кейінгі баланың күтімі жайлы кеңестерімен де бөлісті.
Аталмыш акцияның өтуіне Шардара аудандық орталық ауруханасының 9 хирург-дәрігерлері мен медбикелері атсалысты.