Елдің болашағы - жастар

Oinet.kz 18-08-2019 711

Screenshot_8.jpg

Жастары белсенді, мықты, патриотты елдің ертеңі жарқын, баолашағы кемел. Сондықтан боар қай мемлекет болсын алдымен жастардың тәрбиесіне, біліміне, денсаулығына көп көңіл бөледі. Биылғы жыл елімізде «Жастар жылы» деп жариялануы Қазақстанның жастарға деген қамқорлығы деп қабылдаған жөн. Атаулы жылға орай республиканың түкпір-түкпірінде түрлі жиын, мерекелік кештер өтуде. Осындай шараның бірі жақында  Шардара қаласының «Тұңғыш Президент» саябағында 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне арналған «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты мерекелік кеш өткізілді. Шардара аудандық Жастар орталығы ұйытқы болған 

іс-шараны Шардара қаласының әкімі Е.Бекет ашып, ауданның белсенді бір топ жастарын аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, мерекелік кеште ұйымдастырылған ляңгі, «Жеті би», гір көтеру, «Ішкі түйсік» сыңды спорт және өнер жарыстарына белсене қатысқан жастарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Ұйымдастырылған шара көрермендерді жақсы көңіл-күймен және жағымды эмоциялармен қуаттап, мерекелік өт шашумен өз мәресіне жетті.


Спортқа баулыды
Кәсіпкерлер үшін алғашқы баспалдақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу