Тәжірибелілер тәжірибесімен бөлісті

Oinet.kz 12-08-2019 631

Screenshot_15.jpg

«Қарт келсе асқа, жас келсе іске» деген. Ақыл жастан шығады демекші бүгінде үлкен істі қолға алып, тәуекелге бел буып, бизнесін ашқан жастар жетерлік. Әрине, мұның барлығы мемелкеттік жастарды қолдап, кәсіп ашуға қолдау көрсетуінің арқасы. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қосқаны белгілі. "Жастар жылына" орай, ұлттық кәсіпкерлер палатасы осылайша кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «Жас кәсіпкер» – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылуда. Үздік бизнес-тренерлерден шеберлік сабақ алған ордабасылық жастар аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұловпен кездесіп, пікір алмасты. "Александровский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев, асыл тұқымды шаруашылық "Ордабасы ешкі сүт өнімдері" ЖШС төрағасының орынбасары Тимур Мұратұлы жастарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерудегі тәжірбиелерімен бөлісті. Бизнес-тренер Ардақ Үкібаева аудан бойынша "Жас кәсіпкер" жобасы аясында 47 азаматтың оқытылғанын, бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 249-ға жеткізу жоспарланғанын атап өтті. 

Басқосу барысында жастар өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты кеңес алды.


Тұрғындармен кездесті
Мал баққан азбайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу