Шалғайдағы тұрғындар медициналық көмек алды

Oinet.kz 12-08-2019 775

Screenshot_12.jpg

Дені сау адам мемлекеттің ең қымбет жемісі. Ия, дені сау ұлттың болашағы жарқын болмақ. Сондықтан елімізде денсаулық саласына ацтарлықтай көңілі бөлініп келеді. Оның дәлелі «Денсаулық жолы» акциясының дәстүрге айналып, еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылуы.  

Осы ретте Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы Қараспан ауылындағы «Қараспан дәрігерлік амбулаториясында» «Денсаулық жолы-2019» акциясы өтті.

Мақсаты — облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекен тұрғындарына толықтай медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік беру, бейінді мамандардың кеңесін алуды, аурулардың алдын алу және халықтың ақпараттылығы мен өз денсаулықтарына жауапкершіліктерін жоғарылату.

Шара барыснда медицина қызметкерлері тұрғындарға дененің артық салмағының денсаулыққа зияны және дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, жұқпалы емес аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтының негіздеріне үйрету жолымен денсаулықты күту мен нығайту, құрамдарында көп мөлшерде тұз, қант, майлары (қаныққан майлар трансмайлар) бар тамақ өнімдерін пайдалануды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандырды.


Қоларбаға қол жеткізді
Фархаттың етіне сұраныс жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу