Солтүстікте тіршілік қызғынды

Oinet.kz 10-08-2019 731

Screenshot_10.jpg    

Тұңғыш Президент-Елбасының тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап жұмыс күші аз солтүстік өңірге оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандыру, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінде қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үй және жұмыспен қамтылған. Бағдарлама басталғалы бері 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

Жақында Түркістан облысынан келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Ақмола облысына оңтүстіктен көшіп барған ағайынның тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Ақпараттық тур аясында журналистер «Серпін» бағдарламасының орындалу барысына көз жеткізді.

 Жұмыс жағы бәрі жақсы болып жатса, қалуға болады. Осында көшіп келгенімізге 4 жыл болды. Ауа-райына да үйреніп қалдық. Жұмыста бәрі орнымен, ешқандай қысым жоқ. Көрші, жерлестерімізге айтарымыз келіңіздер, жұмыс табылады»,-  дейді  Зеренді аудандық ветеринария бөлімінің  маманы Нұрлы Ораз.

      2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда. Соның бірі - Байжігіт Боранбай. Ол «Серпін» бағдарламасы арқылы 2017 жылы оқуын тәмамдап, өзі оқыған Жоғары агротехникалық колледжіне жұмысқа орналасқан. Бүгінде отбасымен Шағалалы елдімекенінде тұрады. Осы бағдарлама бойынша оқығанына өкінбейтінін айтып, жерлестерін оқуға шақырады.

Журналистерден құралған ақпараттық топ Солтүстік өңірге жасалған сапардың жоғары деңгейде өткенін айтып, жерлестерінің жағдайының жақсы екеніне сенімді екендерін жеткізді.

Білімді жастар өмірімен танысқан «Түркістан-Қызылжар-Қостанай-Көкшетау» ақпараттық турының делегациясы сапар барысында Көкше өңірінің киелі жерлерін аралады. 


Онлайн саяхат
Қоларбаға қол жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу