Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы көлік тапсырды

Oinet.kz 30-07-2019 926

Screenshot_1.jpg

Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның ажырамас бір бөлігі. Олардың ортаға бейімделіп кетуіне біз және сіз болып ат салысуымыз керек.  Бұл тұрғыда мемелкет те мүгедек жандарға бар жағдайды жасауда. Осы санаттағы отырарлық  жандар да мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр. Мәселен Отырарда  жергілікті бюджет қаржысы есебінен «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің теңгеріміне мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған «Газель» автокөлігі сыйға тарту етілді.

Осындай игі шараға арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Ерлан Айтаханов ізгі тілегін жеткізді.

Сөз барысында аудан басшысы бұл шара облысымыздағы аудан-қалалардың ішінде бірінші рет біздің ауданымызда жүзеге асырылғандығын ерекше атап өтті және де мұндай арнаулы көліктің алынуына жеке қабылдауға келген азаматтардың өтініштері себеп болғандығын айтып кетті. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек назар аудару керек» — деген тапсырмасы аясында осындай игі шаралар мұнымен шектеліп қалмайтындығын жеткізіп, автокөлік кілтін салтанатты түрде «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің басшысы Сәкен Кішібайға табыстады.

       Бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандар дәрігерлерге көрініп,  емдік шаралар қабылдау үшін облыс орталығына су жаңа көлікпен қатынады


Әмір Аралбаев: «Мен тек соғыста өлемін»
Көше билерімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу